Это'О «Тутанхамон елесі кезген» үйді сатып алды

Это'О «Тутанхамон елесі кезген» үйді сатып алды

Қысқы трансфер кезеңінде Италияның «Сампдория» командасының сапына қосылған Самуэль Это'О 18,5 миллион фунт стерлингке жаңа зәулім үй сатып алды. Бұл туралы британдық Daily Mail басылымы хабарлап отыр.

Камерундық футболшының жаңа үйі 40 бөлмеден тұрады екен. Ауласының өзі 30 000 квадрат шаршы метрді құрайды. Ал жергілікті тұрғындар арасында, бұл зәулім сарайда «Тутанхамон елесі өмір сүреді» деген түсінік қалыптасып кеткен екен. Бәлкім, мұны үйдің алып жатқан аумағына қарай айтса керек-ті.

Айта кетейік, ғасырлар бойы Мысырды билеген перғауындар жайлы көп айтылғанымен, дәлелді деректер көп кездеспейді. Осындай ғұмыры құпияға толы билеушілердің бірі - әйгілі Тутанхамон. Ол аз ғана ғұмырында ерекше саясатымен есте қалған жоқ. Тым жас билеуші ретінде ғана тарихта аты қалған тұлға. Сонымен қатар, мазары тоналмаған перғауын ретінде де Тутанхамонды жұрт жақсы біледі.

Сурет: fantaformazione.com

Оқи отырыңыз

Самуэль Это'О SMS жаза алмайды екен

2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет анықталды

Мессидің екі портреті аукционда 923 мың евроға сатылды

Ө. Сансызбай