2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет анықталды

2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет анықталды

Каталондық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің әлем чемпионаты финалынан кейін, әлем кубогының жанынан өтіп бара жатқанында түсірілген фотосурет «World Press Photo» жүйесі бойынша үздік болып танылды.

Төрт рет «Алтын допты» қатарынан иеленген футболшыны назарынан тыс қалдырмаған қытайлық фотограф Бао Тайлянның бұл туындысы 2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет атанып отыр. 

Айта кетейік, сол ойында Лионель Месси футболдағы үлкен арманының орындалуын күткен еді. Бірақ, «неміс машинасы» мықты шыққан-ды. Аргентиналық футболшы додадағы үздік ойыншы атанғанмен, әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізе алмаған болатын. 

Сурет: elpais.com.uy

Оқт отырыңыз

Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады

Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

«Adidas» компаниясы Мессидің «Барселонадан» кеткенін қолдайды

Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін

Ө. Сансызбай