УЕФА «Жетісуді» неге жазалады?

УЕФА «Жетісуді» неге жазалады?

Футболдан Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы жаңа маусымды кем 6 ұпаймен бастайды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағынан (УЕФА) Қазақстан футбол федерациясына қарар келіп түскен. Аталған ұйымның тәртіптік-бақылау комитеті талдықорғандық ұжымға жаза кескен. Себебі, клуб футболшылардың жалақысын уақытында бермеген. Сонымен қатар, УЕФА мен ҚФФ талаптарын уақытылы орындамаған да көрінеді.

Айта кетейік, бүгін белгілі болғандай ел премьер-лигасының жаңа маусымы 7 наурыз күні басталатын болды. Бұл туралы ел кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Олжас Абраев мәлімдеді. Ал Суперкубок ойыны 1 наурыз күні өтпек. 

Сурет: fc-zhetisu.kz

Ө. Сансызбай