Футболдан ел премьер-лигасы қашан басталады?

Футболдан ел премьер-лигасы қашан басталады?

Футболдан ел премьер-лигасының бірінші турының кестесі жарияланды. Кестеге сәйкес, ойындар 7 наурыз күні басталады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін тартылған жеребеге сәйкес, бірінші турда кездесетін командалар «жұбы» белгілі болды. Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдаса, қостанайлық «Тобыл» ел кубогының иегері «Қайратта» қонақта болады. Қызылордалық «Қайсар» өз алаңында талдықорғандық «Жетісумен» үш ұпайды сарапқа салса, қарағандылық «Шахтер» Таразға жол тартады. «Атырау» командасы түзде «Ақтөбемен» кездессе, Шымкентте «Ордабасы» мен «Ертіс» арасындағы ойын өтеді.

Бүгін бірінші лигада бақ сынайтын командалар да аталды. Олардың жалпы саны 13-ті құрап отыр.

-  «Спартак» (Семей) 

- «Қыран» (Шымкент) 

- «Каспий» (Ақтау

- «Ақжайық» (Орал

- «Восток» (Өскемен

- «Екібастұз» (Екібастұз

- «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) 

- «Бәйтерек» (Астана) 

- «Лашын» (Қаратау, Жамбыл облысы

-  «ЦСКА» (Алматы) 

- «Болат-АМТ» (Теміртау, Қарағанды облысы

- «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы

- «Байқоңыр» (Қызылорда)

Айта кетейік, қазіргі таңда командалар жаңа маусым алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын пысықтауда. Қатарларына жаңа ойыншылар шақырып, келісімшартты аяқталған футболшылармен қош айтысуда. Суперкубок ойыны болса, 1 наурыз күні өтеді.

Cурет: sport.gazeta.kz

Оқи отырыңыз

14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты

УЕФА «Жетісуді» неге жазалады?

Қазақстан премьер-лигасы IFFHS рейтингінде 45 саты жоғарылады

«Астана» IFFHS рейтингінде «Миланды» қалай басып озды?

Ө. Сансызбай