Қазақстан футзал құрамасының рейтингтік көрсеткіші жоғарылады

Қазақстан футзал құрамасының рейтингтік көрсеткіші жоғарылады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте жеті саты жоғарылады. Осыған дейін отандастарымыз 30-шы орында болатын.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасында өткен «Tashkent Cup – 2014» турнирінде жеңімпаз атанғаннан кейін, жеті орын алға жылжып отыр. Нәтижесінде әлемдік рейтингте 23-ші сатыға көтерілді.

Футзалдан құрамалар арасындағы әлемдік рейтингті Испания құрамасы бастады. Көп уақыттан бері бірінші орынды бермей келген бразилиялықтар екінші сатыға сырғыды. Италия құрамасы болса үшінші орнын сақтап келеді.

1 (2). Испания — 1915 ұпай
2 (1). Бразилия — 1910
3 (3). Италия — 1747
4 (4). Ресей— 1739
5 (5). Аргентина — 1684
6 (6). Португалия — 1618
7 (7). Иран — 1588
8 (8). Украина — 1474
9 (12). Колумбия — 1415
10 (9). Жапония — 1401

23 (30). Қазақстан — 1227. 

Жақша ішіндегі алдыңғы рейтинг нәтижесі

Сурет:sports.uz

Ө. Сансызбай