Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup — 2014» турнирінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup — 2014» турнирінде топ жарды

Футзалдан Өзбекстан астанасы Ташкентте ұйымдастырылған доп додасының соңғы кездесуінде Беларусь құрамасын жеңген жерлестеріміз, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстан құрамасы жеңіс голын ойынның аяқталуына 35 секунд қалғанда соқты.

БӨЛІСУ

Қазақстан мен Беларусь командалары өз тарихында бір-ақ рет жолыққан екен. 2013 жылдың 21 наурызында Минскіде өткен ойында 1:1 есебі тіркелген. Бүгін өтетін ойын алдында төрт команда да жеңімпаз атануға мүмкіндік болды. Сондықтан командалар алаңға жеңіс үшін шықты. 

Бірінші таймда Қазақстан мен Беларусь құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады. Өзбек төрешілері өз командаларының жеңіске жетуі үшін бүйрегі бұрып, беларустарға жағдай жасаған ісінен пайда шықпады. Кездесудің аяқталуына 35 секунд қалғанда Шыңғыс Есенаманов қарсылас қақпасына жеңіс голын соқты. Оған дейін жерлестеріміз бірінші ойында Әзірбайжаннан 4:1 есебімен басым түссе, алаң иелерімен 1:1 есебімен тең ойнаған еді.

Беларусь — Қазақстан 3:4 (2:2)

Голдар: Лазюк 4 (1:1), Першин 11 (1:1), Попов 14 (2:1), Игита 15 (2:2), Пенгрин 21 (2:3), Горбенко 24 (3:3), Есенаманов 40 (3:4)
Ескертулер: Лось 13, Ольшевский 22 — Лео 3
Беларусь: Стремилов, Новойчик — Алейников, Черник, Горбенко, Чернейко, Ольшевский, Горошко, Лось, Лушковский, Лазюк, Гончаров, Кусков, Попов
Қазақстан: Игита, Алин — Лео, Пенгрин, Есенаманов, Таку, Сүлейменов (к), Довгань, Першин, Мамаев, Лопатюк, Кононенко, К.Чеботарев, Кенжебаев
Төрешілер: Наджафалиев, Заитов (бәрі де Өзбекстан

Сурет: kff.kz