Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Америкалық экстремал қолшатырмен ұшты

Америкалық экстремал қолшатырмен ұшты

Америкалық экстремал қолшатырмен ұшты

Америкалық экстремал Эрик Ронер парашюттың орнына саябақ қолшатырын пайдаланып жерге қонбақшы болыпты. Оның аспаннан түскен сәтін көрсеткен видеоны ұйымдастырушылар YouTube-қа да салып үлгерген.

Видеода Ронердің әуе шарынан секіріп, 20 секундтай ауада қалықтап тұрғаннан кейін қолшатыры қайырылып үзілгені көрсетілген. Бұдан кейін ісінің алға баспасын білген ол қауіпсіздік парашютын ашып қалып, жерге түскен.

Эрик Ронер Америкада танымал экстремалдар қатарында. «Реактивті сайқымазақтар» («Реактивные клоуны) жобасына қатысуынан соң оны бүкіл әлем назарға алған болатын. Бұған дейін ол «Чудаки 3D» атты фильмде өзінің өмірдегі рөлін ойнаған болатын. Оның айналысатын ісі – бейс-джампинг деп аталады. Бұл дегеніңіз зәулім ғимараттардан парашютпен секіру дегенді білдіреді. Ол бұдан басқа, жасанды емес таулардан шаңғымен түсуді де хоббиге айналдырған.  Ронер ұшатын аппарат ретінде қолшатырды пайдаланған жалғыз адам емес, Феликс Баумгартнер есімді австриялық та 2003 жылы Ла-Манш бұғазын өзі қолдан жасаған қанаттарымен ұшып өткен болатын. Естеріңізге сала кетсек, Феликс 2012 жылы стратосфера қабатынан парашютпен секіріп, ең жылдам адам атанған еді.  

Ал актер Сильвестер Сталлоне өзінің бір сұхбатында бла кезінде үш қабатты үйден қолшатырмен секіргендігін айтыпты. Ол да Ронер секілді қолшатырдың ұшуға арналмағанын осы ісінен соң бірақ білгенін күлкі үстінде айтып берген екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru

1156 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 02 наурыз 2013, 14:36
Пікірлер
+0
02 наурыз 2013, 22:50

Ужыс қорқынышты қандай. Парашютпен түскен бір қыздың құлағанын көргесін шошығам ен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...