Әнші Айқын былғары қолғап киді

Әнші Айқын былғары қолғап киді

"Чемпион" атты теледидарлық бағдарламада жұлдыздар миллиондаған жұрттың көз алдында жұдырықтасатын болады. Уақытша боксшы болуға "Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков, әншілер: Айқын, Шамси, әуе гимнасты Даулет Тасболатов пен киноәртіс Берік Айтжанов ("Ликвидатор", "Ағайынды") ынта білдірген. Бір айта кететіні, жоба ұйымдастырушылары саясаткерлерімізге де былғары қолғап киюді ұсынған, алайда олар уақыт тапшылығын алға тартып, шараға қатысудан бас тартқан.


Бағдарламаны Владимир Рерих, Сабина Саяқова мен Нұрлан Еспанов жүргізеді, ал бақылаушы Арман Дүйсенов болмақ. Арманның көмекшісі ретінде жобаға шақырылған қонақтар болады. Олардың арасында белгілі саясаткер Ғани Қасымов та бар. Ал "жұлдызды" шайқастың төрешісі - 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко.

Әнші Айқынның пайымдауынша, бұрын спортпен айналысқан танымал тұлғалардың ашық алаңда да жұлдыздары жанады. "Мысалы менің бәсекелестерімнің бірі Бағлан Абдрайымов ("Жігіттер" тобының мүшесі) бұрын үш жыл бойы "тай" боксымен айналысқан. Менің ондай тәжірибем жоқ, 1-2 сынып оқығанымда таэквондоға қатысатын едім, бірақ одан бері қанша уақыт өтті?!"-деді әнші өз сөзінде. 

Жұлдыз-боксшылар салмақтарына қарай жеңіл және ауыр салмақ деп екіге бөлінеді. Әр бағдарлама төрт кездесуге созылып, бір шайқастың ұзақтығы 1,5 минуттік 3 раундтан тұрады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына автокөлік сыйға тартылады. Бұған қоса, чемпион атанғандарға алтын және күміспен безендірілген белбеу сыйға тартылады.

Суреттер: tengrinews.kz

Форумда талқылау

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы