Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / "Ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік"

"Ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік"

"Ер жігітке жарасар, қолына алған найзасы, би жігітке жарасар, еліне тиген пайдасы" - деп Бұқар жырау текке айтпаса керек. Бүгінде жанына найзасын серік етпесе де, былғары қолғапты қолына киіп, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асырып жүрген күрзі жұдырықты жігіттеріміз аз емес. Солардың бірі – Батыр Жүкембаев.

Батыр кәсіпқой бокстағы жолын Канадада бастады. 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бастапқы кездесулерінде қиындық болса да жасыған жоқ. Не де болса бәрі жақсылыққа деген сенімде болды. Бұл сенім боксшыны алдаған жоқ.

Батыр "ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік" деп білетін жан. Оны жаттығу жайлы, жекпе-жек жайлы сұрақ қойғанда да аңғардық. Жекпе-жек деген – жауапкершілік. Сан мыңдаған адамның сенімі бар. Сондықтан әр кездесуін байыппен күтіп, әр жаттығуын үзбеуге тырысады. Мұны сұхбаттан кейін де білдік. Massaget.kz порталына берген сұхбатынан кейін шай ішуге шақырдық. Батыр жаттығуына асығып тұрғанын айтып, жылы қоштасты. Жауапкершілік деген осындай болса керек.

Батыр Жүкембаевпен болған видеосұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Айтпақшы, ол ескі әуендерді жақсы көреді. Тіпті сондай қазақы әндермен жаттығу жасағанды да жаны қалайды. Батырды қазақ әндері рухтандыра түссе керек.

Оқи отырыңыз

Батыр Жүкембаев: "Шаршы алаңның сыртындағы ережелер ұнамайды"

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 04 наурыз, 15:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->