Қазақ балуаны Шәміл көзі тірі болғанда 63 жасқа келер еді

Қазақтың балуаны, олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіков көзі тірі болғанда 63 жасқа келер еді. Кезінде дүниежүзі палуандары "Шәміл – фантастика! Мұндай дарынды балуанды көрерменге көрсетпеу күнәмен пара-пар", – деген екен.

Шәміл Керімұлы Серіков – 5 наурыз 1956 жылы Алматы қаласмында өмірге келген. Балуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979).

6 жасар жас баланың бойында талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шамильді өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде Шамиль төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді.

1972 жылы Алдабергенов Алматыдан көшіп кетуіне байланысты Шамильді өзінің әріптесі Александр Жарковқа тапсырады.

Өзінің үлкендер арасындағы алғашқы чемпионатында сәтсіз өнер көрсетеді. Дегенмен келесі жылы өткен Иван Поддубный Мемориалында әлем және олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңеді.Көпшілік мұны кездейсоқ жағдай деп бағалаған. Алайда Шамиль келесі жылы КСРО чемпионатында жеңімпаз атанды. Шамильден жеңілген палуандардың ішінде Константинов та болды. Бұл жол жеңіс айқын басымдықпен өттті. Сөйтіп, әлем чемпионатына Шамиль Серіков аттанды.

Шәміл Серіков әлем чемпионатында бұрынғы әлем чемпионы поляк Юзеф Липенмен кездеседі. Одан кейін италияндық Антонио Кальтабианоны ұтады. Финалда ФРГ палуаны Паскуале Пасареллиді 29:9 есебімен жеңеді. Финалдық сайыста мұндай басымдықпен жеңіске жеткен палуандар болған жоқ.

Келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем чемпионатын да жеңеді. Алайда КСРО біріншілігінде тек 7-орынға ғана тоқтайды.

Мәскеу Олимпиадасында алты кездесу өткізеді. Алтауын да анық жеңіспен ұтып шығады. Алайда олипиада жеңісінен кейін жас дарын өзінің бұрынғы біліктілігінен айырылып қалады. Күрестен шаршайды. Кейіндері КСРО ұлттық құрамасына өте алмағандықтан тұңғыш рет Қазақстан біріншілігіне қатысып, 1982 жылы Қазақстан чемпионы атанады.

1989 жылы 22 қарашады өз-өзіне қол жұмсап, 33 жасында дүниеден озды. Палуанды есте сақтау мақсатында Алматы қаласында оның атына көше берілген.