Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Күрзі жұдырықты Бекзат. Әлем чемпионы жайлы не білеміз?

Күрзі жұдырықты Бекзат. Әлем чемпионы жайлы не білеміз?

Күрзі жұдырықты Бекзат. Әлем чемпионы жайлы не білеміз?

Ресейде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына түскен жалғыз алтынды 81 килода сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов алды.

Бекзат 1998 жылдың 10 сәуір күні Жаңаөзен қаласында өмірге келген. Маңғыстау бокс мектебінің түлегі Әділ Басығараев, Мақсат Бақтыбазаров және Марат Жакиевтің қол астында жаттығады.

Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ Бекзат көзге түсіп үлгерген. Ол 1998/99 жылдары туған балалар арасында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында екі мәрте топ жарған.

Жастар арасында да талай жетістікке жетті. 2016 жылы өткен әлем чемпионатында қола жүлде алған. Ал өткен жылы ересектер арасында ел біріншілігіне қатысты. 91 килоға дейін салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бекзат финалда ұлттық құраманың бірінші нөмірі Василий Левитпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте тәжірибелі боксшы жас қарсыласын жеңіп кеткен еді.

Биыл жазда тек Маңғыстау боксының түлектерінен құралған ұлттық құрама Ресей, Шешенстан, Түркменстан және Ресей студенттер одағы қатысқан халықаралық жарыста бағын сынады. Алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңсе, қалған кездесулерінде қарсыластарын нокдаунға түсірді. Шаршы алаңға шыққанда қарсыластарына жойқын соққысын дарыта білетін Бекзатқа әріптестері "Зілбалға" деп лақап ат қойған екен.

Бұдан бөлек көктемде Қазақстан құрамасының сапында АҚШ-тың Окснард қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Боксшылар танымал былғары қолғап шеберлері Василий Ломаченко, Александр Гвоздик және Александр Усикпен бір залда жаттықты. Сондай-ақ Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтановпен тәжірибе алмасты.

BoxRec мәліметінше, Бекзат Нұрдәулетов ересектер арасында 26 жекпе-жек өткізген. Оның жетеуінде ұтылса, 19 кездесуінде жеңіске жеткен. 

Әлем чемпионатына 81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бек Нұрмағанбет бару керек болған. Алайда Азия чемпионы жарақатына байланысты бұл жарысты өткізгуе мәжбүр болды. Бекзат әлем біріншілігіндегі алғашқы жекпе-жегінде кәріс боксшысы Хонг Ингиді жеңгеннен соң ''алтын" алуды мақсат етіп келдім деп сұқбат берген еді.

Бекзат ресми жекпе-жектерге нокаутпен жеңбеген. Дегенмен әлем чемпионатында ол төрт бірдей қарсыласын есеңгіретті. Бірінші жекпе-жегінде Ингиді нокдаунға жіберсе, одан кейін Корбай Баррера мен Байрам Малканды есеңгіретіп тастады. Жартылай финалда Бекзат әлемнің төрт дүркін және Олимпиада чемпионы Хулио Сесар ла Крусты нокдаунға жіберді. Осы жеңісінен соң ол Әділбек Ниязымбетовке кеңес бергені үшін алғысын жеткізді. Әділбек ла Крусқа қарсы әлем чемпионатының екі финалында және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында жұдырықтасып, есе жіберген болатын.

Қоржынға жалғыз алтынды салған боксшыларымыз ұлттық құрамадағы ең жасы. Әлем чемпионы енді Олимпиаданың шыңын бағындырсам дейді. Ал одан кейін барып кәсіпқой боксқа бет бұратынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға жайғасты. Біздің спортшылар бір алтын, бір күміс және төрт қола жүлдені жеңіп алды.  

 
0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: boxing2019.com
Қосылған күні: 23 қыркүйек, 16:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.