Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / "Барселонаға" бауыр баса алмай жүрген футболшы

"Барселонаға" бауыр баса алмай жүрген футболшы

Бірер жыл бұрын футбол әлемінде жарқ еткен жарық жұлдыздардың бірі Усман Дембеле еді. Ал қазір ше? Әлі де жұлдыз. Тек "Барселонаға" бауыр баса алмай жүргені болмаса...

Тегі мавритандық әрі малилік болып келетін француз шабуылшысы мамыр айында 21 жасқа толды. Ес тоқтатып, енді бойын түзейтін жасқа келгенде "жұлдыз" дертіне шалдыққандай. Себебі футболшының тәртібі мен күнделікті жүріс-тұрысына "Барселона" басшылығы бас қатыра бастады. Жаттығу мен ойынға кешіге салу, алаңда пас бермеу, тамақ жеу тәртібін ұстанбау - ол үшін түкке тұрмайтын дүниеге айналып бара жатқандай...

Бәрі жарақаттан басталды

Усман Дембеле каталондық клубқа 2017 жылдың тамыз айында ауысып келді. Ойыншы испандық клубта ойнауды қатты қалады. Тіпті дортмундтық клубтың жаттығуына келмей де қойды.

"Барселона" талантты футболшыны сатып алуға келісті. Ол үшін 105 миллион еуро шығындады. Қосымша қаржылай сыйақылары тағы бар.

Қыркүйекте Усман Дембеле жарақат алып, біраз уақыт команда қатарынан шығып қалды. Нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар айына дейін алаңға шыққан жоқ. Бұл аралық футболшының психологиясына айтарлықтай әсер етті.

Дембеле алдағанды жақсы көреді

Дембелені танытқан - дортмундтық клуб. "Реннде" кәсіби мансабын бастағанмен, "Боруссия" бағын ашты. Себебі қарсыласты алдап өтіп, айрықша дриблинг жасай алатын ойыншыға неміс командасы бар мүмкіндікті сыйлады. Алаңда қанша доп ұстап, қанша рет алданып қалса да бетін қаққан жоқ. Ал "Барселонада" бәрі басқаша. Оған бұл клубта бундеслигада ойнағандай кеңістік жоқ. Каталондық клуб қысқа пастармен ойнағанды жөн санайды.

Француз футболшысына қатысты сөздің төресін клубтың бұрынғы ойыншысы Хави айтқандай: "Барселона" футболшы үшін соңғы емтихан іспетті. Кез келген футболшы ойнап кетуі мүмкін. Дембелені қазір магистр деуге болады. Бұл клубта ойнау үшін оған қазіргісінен үш есе артық білім жинау қажет. Ол өте талантты әрі жылдам футболшы. Бірақ мұнда оған Дортмунд пен "Реннде" ойнағандай кеңістік болмайды, - деген болатын көктемде.

Алексис Санчес пен Эден Азардан үлгі алса...

Чилилік футболшы Алексис Санчес те "Барселонада" дәл осындай күй кешті. Көбірек алдасып, дриблинг жасауға тырысатын. Клуб философиясы бұған толықтай қарсы емес. Тек допты көбірек ұстамай, паспен ойнаса жеткілікті болғаны. Алексис оған да бой үйретті. Каталондық клубта мансабындағы сәтті бір кезеңді өткізіп, "Арсеналға" ауысты. Усман осы футболшыдан үлгі алса болады.

Ойын алдында кешігіп келу, фаст-фуд өнімдерін көп жеуге бір кездері Эден Азар да әуес еді. Бельгиялық футболшы бұл қылықтарын уақыт өте келе тастады. Бірнеше рет жазаланды да. Қазір әлемдегі ең танымал әрі қымбат ойыншылардың бірі. "Челси" клубының көшбасшысына айналды.

Жеке аспазшы жалдады

"Барселона" жыл басында Усман Дембеленің тамақтану тәртібін қадағалау үшін жеке аспазшы да жалдап берді. Себебі француз ойыншысы фаст-фуд өнімдерін жиі тұтынатын халге жеткен.

Кешікпей келем деп ең...

"Блауграна" басшылығы футболшының тәртібінен шаршай бастағандай сыңай танытуда. Усман жаттығуларға кешіккені былай тұрсын, Чемпиондар лигасында "Интерге" қарсы ойын алдындағы команданың жиналысына уақытында қатыспаған. Соңғы "Бетиске" қарсы өтетін кездесу алдында жаттығуға келмеген. Кейіннен үйінде ауырғанын айтып ақталған. Дәрігерлер ауырғанын растағанмен, клубта бұл жайында ешкімге ескертпеген. Бас жаттықтырушы Эрнесто Вальверде ойыншыны "Бетиске" қарсы ойынға шығатын команда құрамына қосқан жоқ.

"Барселона" ерке баланы еркінсітпейтін секілді

Дембеленің кешігіп жүретіні соңғы уақытта ғана емес секілді. Мамыр айында Жерар Пике бұған қатысты: "Команданың WhatsApp желісінде құпия чаты бар. Қашан, қаншада және қайда жиналатынымызды сонда жазамыз. Дембеле үшін сол топ та пайдалы болмай тұр. Ылғи кешігеді де жүреді" - деген болатын. Ал соңғы сұқбаттарының бірінде көмек қолын созатынын айтқан.

- Ол әлі жас. Мұндай жаста бәрі де қателік жасауы мүмкін. Кез келген футболшы мансабында мұндай бір кезеңнен өтеді. Ең дұрысы аптасына 7 күн бойы 24 сағат ішінде футболмен тыныстау керек. "Барселонада" бәріміз көмектесуге тырысамыз, - дейді.

Бірер күн бұрын клуб президенті Хосеп Мария Бартомеу, бас директоры Хосеп Сегура мен техникалық хатшы Эрик Абидаль футболшының агентімен жолығып, жағдайды түсіндірген. Осыдан кейін футболшы нәтиже шығармаса, қайдам?...

Командада ешкіммен сөйлеспейді

Иә, Усман Дембеле командада ешкіммен сөйлеспейді екен. Өйткені испан тілін білмейді. Отандасы Самуэль Юмтити мен Клемен Ланглемен ғана тілдескені болмаса. Тіл білмеу де футболшының командаға бейімделіп кетуіне бір кедергі болып тұрғандай.

Дортмундтағы үй иесі сотқа берді

Футболшы Дортмундта үй жалдап тұрған. Жақында сол үй иесі французды сотқа берді. Неге дейсіз ғой? Үйді шашылған қалпында қалдырып, кілтін тапсырмай кеткен. Қоқыстар мен тағам қалдықтары үйге зақым келтірген. Герд Вайзенберг есімді үй иесі сот арқылы ойыншыдан 20 мың еуро өндіріп алмақ.

Клопп өзі тәрбиелегісі келеді

Батыстық басылымдар Дембеленің "Барселонадағы" болашағы бұлыңғыр екенін жазуда. Дегенмен бұл ойыншыға қызығушылық танытып отырған гранд клубтар аз емес. Соның бірі - "Ливерпуль". Команданың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп дортмундтық "Боруссияда" ойнаған (ертеректе өзі де Боруссияны жаттықтырған) футболшыны шәкірттерінің қатарына қосқысы келеді. Тәртібін беске білсе керек. Бәлкім түзеудің жолын да білер.

Француз ойыншысын "Ливерпульден" өзге "Арсенал" мен ПСЖ клубтары да өз қатарларынан көргісі келеді. Жаңалық болса, қысқы трансфер кезінен күтеміз.

Усман Дембеле осы маусымда 15 ойынға (бар жарыстарды қосқанда) қатысты. 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Аз көрсеткіш. Әзірге француздың ойыны каталондық жанкүйерлердің де, клуб көшбасшысы Лионель Мессидің де көңілінен шығып жүрген жоқ. Тіпті аргентиналық шабуылшы оны команданы кері тартып жүрген ойыншылар қатарына да қосқан болатын.

Фото: Sport360, Diario AS, eurosport.ru, reuters
Қосылған күні: 16 қараша 2018, 14:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.