Жанат Жақиянов жайлы 20 дерек

Жанат Жақиянов жайлы 20 дерек
Фото: Reuters

Жанат Жақиянов әлемдік аренада чемпиондық атақ белесін бағындырған кәсіпқой боксшыларымыздың бірі. Ақпан айында америкалық Роушен Уорренді жеңіп, WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпион атанды. Алайда бұл атақ Жанаттың қолынан сусып кетті.

21 қазан күні қазақ кәсіпқой боксшысы Белфастта британдық Райан Барнетпен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді. Әйтсе де Жанаттың бұл атағы қазақ спорты мен спорттық мансабындағы ірі жетістіктердің бірі.

Осы орайда Vesti.kz порталы Жанат Жақиянов туралы 20 дерек жинақтаған екен. Осыны жаза кеткенді жөн көрдік.

1. Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысындағы үш мың тұрғыны бар Благовещенка ауылында дүниеге келген. Ол егіздің сыңары. Сыңарының есімі - Азамат. Ол Жанаттан 15 минут бұрын дүние есігін ашқан. Азамат бокстан Қазақстанның спорт шебері болған. Бүгінде халықаралық дәрежедегі төреші. 

2. Жанат Жақияновтың бокспен шұғылданып жүргеніне 16 жыл болды. Кейбір жаттықтырушылар оны дұрыс бағаламай, жасы келіп қалған боксшы деп сынға алған. 

3.  Әуесқой бокста ол ауыз толтырып айтатындай табысқа жетпеген. Айтулы жеңісі - Серік Қонақбаевтың турнирінде топ жарған. 

4. Жанат Жақиянов әскерде де болған. Нақтырақ айтатын болса, Орталық әскерилер клубында. Оның бөлімшесі Алматыда болған. Сонымен қатар ол жоғары білімді дипломы бар боксшы. 

5. Жанат кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 2007 жылы, 23 жасында өткізген. Алғашқты төрт кездесуі Қазақстанда өткен. Екеуі  - Шымкентте, екеуі - Алматыда. 

6. 2008 жылы Жанат Ресей және Өзбекстанда жұдырықтасқан. ТМД елдерінен шет аймақта оның жекпе-жегі 2010 жылы өтті. Бұл жылы ол екі рет Тайландта жекпе-жек өткізді.

7. Жанат Жақияновтың 29 кездесуі әлемнің 12 елінде, төрт құрлықта өткен. Нақты айтсақ, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Ұлыбритания, Швейцария, Гонконг, Беларусь, Австралия, Болгария, Монако және АҚШ жерлерінде өткен. 

8. Кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі үшін Жанат 300 доллар сыйақы алған. Яғни, әр раунд үшін 75 доллар. Негізі ұйымдастырушылар 400 доллар беруге келіскен екен. Бірақ 100 доллар түрлі салыққа кеткен. 

9. Кәсіпқой бокста ауысқан алғашқы жылдары Жанат жаттықтырушылық қызмет те атқарған. Оның ең танымал тәлімгерлерінің бірі - Николай Чебанов. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін бұл боксшы жастар арасында Қазақстан чемпионы болған. Ал студенттік кездерінде Жақиянов күзетші болып та қызмет атқарған. 

10. Кәсіпқой бокстағы Жақияновтың бірінші жеңілісі 2008 жылы тіркелді. Ол кезде отандасымыз ресейлік Сахиб Усаровтан жеңілді. Бұл қазақстандық боксшы үшін шет елде өткізген бірінші кездесуі еді. Мәскеу маңындағы Раменск қаласында өткен кездесуде Усаров төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

2013 жылға дейін Усаров кәсіпқой бокста үнемі жұдырықтасып жүретін. Бірақ содан соң үш жыл шаршы алаңға шықпай қойды. 2013 жылы ол шаршы алаңға қайта оралып, үш кездесу өткізді. Жалпы ол кәсіпқой бокста 22 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, WBO Interconinental белбеуін жеңген. 

"Усровпен өткен кездесу менің кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегім еді. Мүмкін кездесуде тәжірибем аз болған шығар. Бірінші раундта Усаровты нокдаунға түсірген едім. Бірақ бұл сәт YouTube-те жоқ екен. Содан соң босаңсып кеттім-ау. Сахиб болса осы жағдайды пайдаланып, ұпайын түгендеп алды", - деп есіне алады Жақиянов бұл кездесуді. 

11. Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы үш кездесуі Алматыдағы циркте өткен. 

12. Даңқты британдық Рикки Хаттон Жақияновпен 2011 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Олар Жақияновтың Щвейцарияда жергілікті боксшы Бенджамин Питтелудамен өткізген кездесуінде кейін танысқан. 

13. Әлем чемпионы деген атаққа Жақияновқа WBC белбеуінің Азия және Еуразия құрлығының чемпиондық және Еуропаның EBU белбеулері арқылы жол ашылды. Жанат үшін 2015 жыл жемісті болды. Бұл жылы отандасымыз WBA Intercontinental белбеуін иеленді.

14. Парехомен өткізген жекпе-жектен кейін Жақиянов 15 ай шаршы алаңға шықпады. Ол Алматыда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Бірақ оған жарақаты кедергі болды. 

15. Жарақатын емдеп болған соң Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек биылғы жылдың ақпан айында өтіп, АҚШ жерінде Роуши Уоррендің жеңіп, екі белбеуді иеленген еді. 

16. Уорренмен өткізген кездесуі үшін Жақиянов 30 мың доллар алса, америкалық боксшы 150 мың доллар алды. 

17. Бұл жекпе-жектен бір ай өткеннен кейін IBO Жақияновтан белбеуін алып қойды. Өйткені, ол белбеуге тиесілі салықты төлемеген.

18. Жақиянов - Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған төртінші боксшы. Бұған дейін әлем чемпионы деген атақты Василий Жиров (IBF), Бейбіт Шүменов (WBA (Super), Геннадий Головкин (WBC, WBA (Super), IBF және IBO) иеленген. 

19. Жуырда ғана "Артқа қадам жоқ" деген автобиографиялық филмінде Жақиянов балалары туралы айтып берді. Ол ұлы мен қызы спортшы болғанын қалайды екен. Ұлы Олимпиада ойындарында бақ сынағанын армандайды екен. Бірақ кәсіпқой боксқа ауысқанын қаламайды. 

20. Жанат Жақиянов кәсіпқой бокста тағы 3-4 жыл бақ сынауға бел буып отыр.

О. Сансызбай