Пеле Неймардың "Манчестер Юнайтед" пен "Челсиден" бас тартуын қалайды

Пеле Неймардың "Манчестер Юнайтед" пен "Челсиден" бас тартуын қалайды

Пеле "Сантос" командасының жұлдызы Неймардан Англияға бармауын сұраған. Бұл туралы "Челсидің" баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тағы бір деректерге сенсек, Неймарды "ақсүйектердің" қатарынан көргісі келіп, ақыл-кеңес беріп отырған Оскар көрінеді. Ал өз кезегінде "Манчестер Юнайтед" командасы да құр алақан қарап отырған жоқ. Тегі бразилиялық сұрмергенге 38 миллион фунт стерлингті санап бермекші.
Кезінде "Сантостың" құрамында жүріп "қызыл айдаһарларға" ауыспай қойған әлемге әйгілі футболшы Пеле баспасөз қызметкерлеріне мәлімдеме жасапты:
"Мен осы келісімдер туралы естігенде бірден Неймарға хабарласып, Англияға барудан бас тартуын сұрадым" - дейді.
Сөз соңында айта кетсек, әлемнің ең үздік ойыншысы, даңқты тұлға Неймарға бұның бәрі ауыр тиеді деп есептейді. Және ең бастысы, буыны әлі бекіп үлгермеген ізбасары физикалық тұрғыдан дайын емес екен.
сурет:chelseablues.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига