Ең көп жалақы алатын қақпашы

Ең көп жалақы алатын қақпашы
Фото: sport.news.am

Мюнхендік «Бавария» футбол клубы қақпашы Мануэль Нойермен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Жаңа келісімшарт бойынша, Германия ұлттық құрамасының ойыншысы «Баварияда» 2021 жылға дейін ойнайды. Жылына 15 миллион евро көлемінде жалақы алатын болады. Нәтижесінде ең көп жалақы алатын қақпашылар рейтингінде көш бастады. Осыған дейін ең көп жалақыны ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының голкипері Давид де Хеа (12,7 миллион евро) алып келген еді.

Айта кетейік, Мануэль Нойер мюнхендік клубқа 2011 жылы Гельзенкирхеннің «Шальке» клубынан ауысып келген еді. 5 жыл ішінде Германияның 3 дүркін чемпионы атанды. Германия кубогы, Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

О. Сансызбай