Геннадий Головкин «Жыл боксшысы» атағына үміткер

Геннадий Головкин «Жыл боксшысы» атағына үміткер

Кәсіпқой бокста орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин «Жыл боксшысы» атағына басты үміткерлердің бірі саналып отыр. Жыл үздігін АҚШ-тың бокс  тілшілері қауымдастығы (BWAA) анықтайтын болады.

Үміткерлер қатарында отандасымыздан бөлек орта салмақта жақында ғана WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Сауль Альварес, осы жылы мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер (кішісі), жеңіл салмақта WBC чемпионы Роман Гонсалес, аса ауыр салмақта WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа ие Тайсон Фьюри бар.

Геннадий Головкин 2015 жылдың «Жыл боксшысы» атануы бек мүмкін. Қазақстандық боксшы осы жылы үш жекпе-жек өткізіп, барлығын мезгілінен бұрын аяқтады. Ақпан айында Мартин Мюррейді жеңсе, мамыр айында кіші Вилли Монроны алтыншы раунда айқын басымдықпен ұтты. Ал қазанда канадалық Давид Лемьені жеңіп, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие болды. Естеріңізде болса, 2014 жылы да GGG «Жыл боксшысы» атағына таласқан болатын. Бірақ, былтыр үздік боксшы ретінде Флойд Мейвезер (кішісі) танылған-ды.

«Жыл жекпе-жегі» атағына үміткер ретінде 5 кездесу таңдалып алынған. Олар Матиссе-Проводников, Хук-Гловацкий, Миура-Варгас, Санта Крус-Марес, Фонфара-Клеверли араларындағы жұдырықтасулар.

Жылдың үздік бапкері атағына үміткерлер қатарында Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес те бар. Сондай-ақ, «Жыл жаттықтырушысы» атағына Джо Галахер (Куигг), Флойд Мейвезер (үлкені), Эдди Рейносо (Альварес) және Питер Фьюри (Тайсон Фьюри) де үміткер. Ал «Жыл менеджері» атағына Эгис Климас, Моника Брэдли, Кэмерон Данкин және Эл Хэймон таласатын болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова