Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Пике: “Мен әрқашан «Реалдың» жеңілгенін тілеймін”

Пике: “Мен әрқашан «Реалдың» жеңілгенін тілеймін”

Пике: “Мен әрқашан «Реалдың» жеңілгенін тілеймін”

«Барселона» клубының қорғаушысы Жерар Пике кезекті рет испандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Команданың кезекті жаттығуларынан кейін футболшы баспасөз мәслихатына қатысып, тосын мәлімдемесінен тілшілерді таңдандырды.

Жерар Пике осыған дейін Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алғанын қалайтынын ашық жеткізген болатын. Футболшының бұл сөзі испандықтарға ұнамай қалған-ды. Нәтижесінде көп жанкүйерлер қорғаушыны Испания құрамасында көргісі келмейтіндіктерін айтып, дау да көтерген. Сондай-ақ Испания құрамасының 13 қараша күні Англиямен өткізетін жолдастық кездесуі де Жерарға қарсы жанкүйерлердің көзқарасына байланысты Мадридтен Аликантеге алмастырылған еді. Футболшы бұл жағдайды саяси емес, «Барселона» мен «Реал» арасындағы бақталастықпен түсіндіріп келеді.

- Мен Испания құрамасынан кетпеймін. Жазықсыз маған ысқыратын жанкүйерлердің тілегін орындағым келмейді. Өйткені, менің еш кінәм жоқ. Себеп саясатта емес, «Реал» мен «Барселона» арасындағы мәңгілік бақталастықта. Мен әрқашан «Реалдың» жеңілгенін тілеймін. Бірақ Суперкубокты жеңіп алғанда ешкімді келекеге айналдырған жоқпын. Ол үшін ешкімнен кешірім сұрамаймын. Командамды жақсы көремін, - деді Пике.

Айта кетейік, Жерар Пике мен «Барселона» арасындағы келісімшарт мерзімі 2019 жылға дейін жоспарланған. 

Фото: eurosport.ru
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2015, 12:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.