«Реал» Роналдуды «ПСЖ»-ға сатпай қойды

«Реал» Роналдуды «ПСЖ»-ға сатпай қойды
Фото: eurocups-uefa.ru

Мадридтік «Реал» Криштиану Роналдуды Францияның «ПСЖ» клубына сатпай қойды. Париждік ұжым «корольдік клубқа» 150 миллион евро ұсынған болатын. Бұл туралы «Р-Спорт» басылымына сілтеме жасап, vesti.kz хабарлап отыр.

Испандық ұжымы «ПСЖ» клубының ұсынысын қабыл алған жоқ. Команда көшбасшысына айналған Криштиану Роналдуды сатпайтынын хабарлаған. Клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Алайда кей басылымдар португалдық ойыншыны келер жазда клуб ауыстырады деп хабарлауда.

Айта кетейік, өткен маусымда Криштиану Роналду «Реал» жейдесінде 54 ресми ойынға қатысып, 61 гол соқты. 

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ө. Сансызбай