Месси «оныншы» нөмірін Туранға сыйға тартпақ

Месси «оныншы» нөмірін Туранға сыйға тартпақ
Фото: vk.com

«Барселона» клубының көшбасшысы Лионель Месси команда сапын жақында ғана толықтырған Арда Туранға «оныншы» нөмірін сыйға тартуға дайын екен. Бұл туралы испан басылымы sport.es хабарлап отыр.

Испан басылымына Мессидің «кеңпейілділігі» туралы Арда Туранның өзі айта кеткен. Түрік футболшысы команда сапында алаңға қандай нөмірмен ойнау мәселесін шешкен жоқ. Асықпаса да болады. Себебі, Арда ФИФА шешімімен клуб құрамында Жаңа жылдан кейін ғана барып ресми кездесулерге шыға алады.

- Мен Түркия құрамасы сапында «он төртінші» нөмірмен ойнауды бастадым. Себебі, менің әкем Йохан Кройфтың жанкүйері болатын. Ал «Атллетикода» маған «оныншы» нөмірді сыйлады. Ал «Барселонамен» келісімшарт құрғаннан кейін Месси келіп, шын қаласаң «оныншы» нөмірді өзіңе ал, - деп айтты деді футболшы сұхбатында.

Айта кетейік, футболдан Испания ла-лигасы 22 тамыз күні басталады. «Барселона» бірінші ойынын Бильбаода «Атлетикке» қарсы өткізетін болады. 

О. Сансызбай