Месси алаңда қарсыласының жағасынан алды (видео)

Месси алаңда қарсыласының жағасынан алды (видео)
Фото: eurosport.ru

Каталондық «Барселона» клубының көшбасшысы Лионель Месси «Ромаға» қарсы өткізген ойында тәртіпсіздік танытып, төрешіден ескерту алды. Қорғаушы Мапу Янга-Мбивамен келіспей қалған шабуылшы қарсыласына сес көрсетті.

Лионель Месси мен Мапу Янга-Мбива арасындағы қақтығыс «Камп Ноуда» өткен ойынның бірінші таймында орын алды. Ойын сәтінде екі ойыншы соқтығысып қалғаннан кейін, аргентиналық футболшы қорғаушының жағасынан алған. Клуб ойыншылары екеуін сабырға шақырып, жолдастық кездесуді жалғастырды. Ал бас қазы екі ойыншыға да сары қағаз көрсетті.

Жолдастық кездесуде 3:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Бірінші таймда Неймар мен Месси гол соқса, екінші таймда бір голды Иван Ракитич өз еншісіне жазды.  

О. Сансызбай