Михаэль Шумахердің ұлы апатқа ұшырады

Михаэль Шумахердің ұлы апатқа ұшырады

«Формула-1» спортынан жеті дүркін әлем чемпионы атанған Михаэль Шумахердің енді ғана танылып келе жатқан ұлы Мик «Формула-4» топтамасын тестілеу кезінде апатқа ұшырады. Спортшының ұлы ауыр жарақат алмаған. 

15 жастағы жарысқа қатысушы Лаузицринг автодромында өткен жарыста сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде апатқа ұшырағанмен, көлік те, өзі де аса зардап шекпеген.

Мик Шумахер осыған дейін Нидерланд елінің «Ван Амерсфорт» командасымен келісімшартқа қол қойған болатын. Алдағы уақытта «Формула-4» жарыстарында бақ сынайтын болады. Негізінен Мик әкесі секілді «Формула-1» жарыстарында үлкен жетістіктерді бағындыруды армандайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Михаэль Шумахер 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде басынан алған ауыр жарақатынан кейін Швейцариядағы үйінде емделуде.

Сурет: vezess.hu

Оқи отырыңыз

Михаэль Шумахер ауруханадан шықты

Шумахер: "Өмірде ереже жоқ"

Шумахер "шлеміндегі" жұмбақ шешілер емес (видео)

О. Сансызбай