«Қара құрлықтың» үздік футболшысы анықталды

«Қара құрлықтың» үздік футболшысы анықталды

Ағылшындық «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Яя Туре төртінші жыл қатарынан Африканың үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Африка футбол конфедерациясы (CAF) twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Африканың үздік футболшысы Нигерияның Лагос қаласында өткен салтанатты шарада белгілі болды. Яя Туре бұл атақтан үмітті дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Пьер-Эмерик Обомеянг пен француздық «Лилль» қақпашысы Винсент Эньяманы жолда қалдырды. Ал о баста 2015 жылғы Африканың үздік футболшысы атағына үміткерлер саны 25 болатын. 

Сурет: uk.eurosport.yahoo.com

О. Сансызбай