Роббен Гвардиоланың жаңа қырын танытты

Роббен Гвардиоланың жаңа қырын танытты

Мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Арьен Роббен соңғы сұқбатында команданың бас бапкері Хосеп Гвардиоланың жайлы жұрт білмейтін жаңа қырын таныстырды.

- Гвардиола нағыз футболмен ауыратын адам. Ол түнгі сағат 3-те футболшыларға хабарласып, алдағы ойынға ұстанатын жүйе туралы айтады. Мұны кез келген бапкер істемейтіні белгілі. Ол келгелі бері «Баварияның» ойыны жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа жетістіктерді бағындырды, - деді футболшы.

Қазіргі таңда Хосеп Гвардиола жаттықтыратын ұжым бундеслиганың ХІ тур қорытындысы бойынша, 27 ұпаймен көш бастап келеді. Айта кетейік, осыған дейін испандық маманға АҚШ футбол федерациясы алдағы уақытта бас бапкерлік қызметке келуін ұсынған болатын. Сонымен қатар, футбол маманы қайтадан каталондық «Барселонаны» жаттықтыруы мүмкін деген де сыбыстар шығуда.

Сурет: placar.abril.com.br

О. Сансызбай