Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Геннадий Головкин туған күнін тойлап жатыр

Геннадий Головкин туған күнін тойлап жатыр

Геннадий Головкин туған күнін тойлап жатыр

8 сәуір - біздің отандасымыз боксшы Геннадий Головкин дүниеге келген күн.  АҚШ-қа ат басын бұрған қарағандылық жігіт бүгінде Калифорния штатында тұрады. 

Кәсіпқой бокста өз салмағының мықтысы көпшілікті өз болмысымен баурап алғандай әсер қалдырады. Генаның жекпе-жегін көру үшін алыс қияннан ат шалдыратын ағайындар баршылық екен. Олар үшін күш пен мінезін тізгіндеген Генаның өнерін тамашалау бір ғанибет көрінеді. 

Гена өз мықтылығына шек келтіріп көрген емес. Оны көп жекпе-жектерден көріп жүрміз. Жылына төрт бокс өтсе, соның төртеуі де ел есінде қалатындай өтеді. Генаны баптап жүрген Абель Санчес қазақ жігітіне тәнті болғанын айтса, батыс басылымдары Генаның бойындағы ұстамдылықты баса назарға алады. Қарап тұрсаңыздар, 31 жастағы жігіттің рингтегі қимыл-қозғалысы, өзін-өзі ұстауы, қарсыластың осал тұсын күтуі, соққы жұмсауға ұрымтал тұсты аңдауы - осының бәрі шеберлік шыңында пісіп-толысудан хабар беретіндей. 

Шілде айында Гена кезекті жекпе-жегін өткеруі мүмкін. Бұл жолғы қарсылас Хулио Сесар Чавес болып тұр. Жалпақ жұртқа өзінің тәртіпсіздігімен танылған былғары қолғап шебері оңай шағылатын жаңғақ емес, әрине, алайда, қазіргі таңның өзінде көпшілік басылымдар бұл жолғы қарсыластың Генаға қолайлы екенін жарыса жазуда. Не дегенмен, бокстың орта салмағында Гена кездеспеген мықты делінген үш-төрт боксшы ғана қалды. Бұл мықтылар, өз кезегінде, Генамен ертерек жұдырықтасуға асығары анық. Әйтпесе, қарағандылық жігіт бірнеше жылдан кейін оларға мүлдем қол болмай қалуы мүмкін. 

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: pda.total.kz

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 сәуір 2014, 10:38
Пікірлер
+0
08 сәуір 2014, 11:32

Мүлдем қол болмай қалуы мүмкін :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.