Касильястың сәбиі "Реалдың" мүшесі атанды (фото)

Касильястың сәбиі "Реалдың" мүшесі атанды (фото)

Испания құрамасы мен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильястің жаңадан дүние есігін ашқан ұлы "корольдік клубтың" мүшесі атанып, жанкүйері ретінде тіркеліп үлгерді. Бұл туралы AS басылымы хабарлайды. 

Икердің әулеті 3 қаңтар күні жарық дүниеге келген ұлға "Мартин" деп ат қойыпты.

Естеріңізге сала отырсақ, "корольдік клубтың" бойтұмары үшін 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыны болуы мүмкін.

Қазіргі таңда қосалқы құрамда қалған әйгілі қақпашыны "Манчестер Ситиге" құдаластырып жатқандар бар. Бірақ, дегенмен, испандық бағана күзетшісі "Реал" жанкүйерлері үшін клубтан ауыспайтынын айтыпты. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: as.com

Л. Лига