Зиданның "Реалда" алатын жалақысы

Зиданның "Реалда" алатын жалақысы

Әйгілі француз ойыншысы Зинедин Зиданның мадридтік «Реалдан» алатын жылдық жалақысы белгілі болды.

Француз ойыншысы Францияның Футбол Федерациясынан бапкерлікке рұқсатнама алған болатын. Карло Анчелоттидің қол астындағы «Реал» қосынын жаттықтыруға қызметке тұрған-ды. Сол аралықта шыққан тегі алжирлік азаматтың жылдық табысы туралы сөз қозғалып келіпті. Анықталып отырғандай, 41 жастағы әлем чемпионы жылына 300 мың еуро жалақы алатын болып отыр. 

Бұл дегеніміз, "корольдік клубтың" тізгінін ұстағысы келетін 1998 жылдың әлем чемпионы айына 24 мың еуро көлемінде жалақы алып отырады деген сөз.

Карло Анчелоттидің көмекшісі бір сұхбатында бапкерлік жұмысқа уайыммен қарайтынын жеткізген-ді:

"Адамдарға сенуден қорықтым. Өйткені, олар менің сенімімді ақтай алар ма деген қорқыныш бар. Өзіме деген сенімділікті тауып, мен ендігі таңда адамдармен әңгімеде ашыла бастадым.

...Жақсы футболшы болдым деген сөз жақсы бапкер боласың деген сөз емес. Тренерлік мансап жолында кепілдік бола алмақ емес", - дейді Зинедин Зидан. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: sport.news.am

Л. Лига