Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Геннадий Головкин: «Жаназамды» шығарғаны үшін Стивенс менен үлкен кешірім сұрады

Геннадий Головкин: «Жаназамды» шығарғаны үшін Стивенс менен үлкен кешірім сұрады

Геннадий Головкин: «Жаназамды» шығарғаны үшін Стивенс менен үлкен кешірім сұрады

Кәсіпқой бокстан WBA тұжырымының орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин эксклюзивті сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан жерінде жекпе-жек кешін өткізу туралы ойын жеткізіп, кезекті қарсыласы Кертис Стивенстің өзінен әбден кешірім сұрағанын  да айтты. Түсінікті болу үшін айта кетейік, америкалық боксшы Стивенс. Головкиннің келесі қарсыласы. Екеуі 2 қараша күні Нью-Йоркте айқасады. Қарсыласына психологиялық қысым жасау үшін Кертис Стивенс жерлесіміздің бағытына аузына келген сөздерді айтып, тіпті бір жолы Генаның «жаназасын» шығарып жіберген болатын. Сол кезде достарын жинап алған Кертис арнайы табыт алдырып, онда «Бақұл бол! Ол жақсы адам болатын» деп жаздырыпты. Артынша «жаназада» түсірілген суреттерді көпшілікке ғаламтор арқылы таратып жіберді. Қарсыласының бұл қылығы Головкинге қалай әсер етті? Оны Генаның өзінен сұрап көрген едік.

Кертистікі дұрыс емес. Адамға жаман әсер етеді. Маған ұнамады. Мұны Кертистің бетіне тікелей айттым, – деп бастады Гена әңгімесін,  Әлбетте, ол бәрін түсініп, менен ұзақ кешірім сұрады. Мұның барлығы бизнес екенін түсіндіргісі келіп, осы арқылы өз атын әмбеге танытудың ғана жолын іздестіріп жүргенін айтты. Осылайша тарихта қалғысы келеді екен. Елдің көз алдында жүргісі келетінін, мұның барлығы шоу-бизнестің бір бөлігі екенін жеткізгісі келді. Бұл да ақша табудың бір көзі осы екенін айтып ақталды.

 Кейбір жекпе-жектердің алдында боксшылар бір-бірін тұқыртып, намысына тиетін сөздер айтып, тіпті беттеріне түкіріп жатады. Жалпы, кәсіпқой бокстағы мұндай құбылыстарға көзқарасыңыз қалай?

Мен мұның барлығы дұрыс емес деп ойлаймын. Дегенмен біздің жағдайымыз басқаша. Бұл жерде Стивенс маған психологиялық қысым көрсету үшін әлеуметтік желілерді пайдаланды. Бірақ жүзбе-жүз көріскенде ол маған үлкен құрмет көрсетіп, бәрін түсіндіруге тырысты. Кездесуіміз ешқандай да ерегісуге жеткен жоқ. Бәрі де жақсы өтті. Кертистің маған деген құрметін сонда көрдім. Егер ерегіске жеткенде, онда жекпе-жек те болмас еді.

 Ақпарат құралдары сіздің чемпиондық атағыңызды Алматы немесе Астана қаласында қорғау туралы жоспарлап жүргеніңізді жарыса жазып жатыр. Бұл тұрғыда қандай жұмыстар атқарылуда?

Көптеген жанкүйерлерімнің қалауы бұл. Мен де соны күтіп жүрмін. Дегенмен бұған әлі ертерек шығар. Уақыты жеткенде көрерміз. Әлбетте, дәл қазір менің жұмыстарым өте қарбалас, түшкіруге уақытым жоқ демеймін, бірақ әзірге Қазақстанның абыройын шетелде асқақтатып жүргенім дұрыс болар. Жалпы, Қазақстанда мұндай елеулі оқиғаларды белгілі бір мейрам күндеріне орайластырғысы келіп жатады. Алайда бұл кезде менің қолым бос бола бермейтіні тағы бар. Дегенмен келесі жылы уақыт тауып, бір жекпе-жекті Қазақстанда өткізсем деген ойым бар.

 Гена, жалпы, қалай ойлайсыз, осы сіздің жеңістеріңіздің, сәтті карьераңыздың құпиясы неде?

Өзім туралы айтқым келмейді. Бірақ, әйтеуір, өзіме өте сенімдімін. Ал жалпы, бокс деген кез келген адам айналысып, жеңіске жете беретін спорт түрі емес. Анығын айтқанда, спортта екінің бірінің жолы бола бермейді. Бәрі де тәрбиеге, қоршаған ортаңа байланысты. Кішкентайымнан алғыр спортшылардың арасында өсіп, бәріміз де чемпион болуға ұмтылдық. Олардың арасында боксшылар да, балуандар да, жеңіл атлеттер де болды. Бәріміз де әлемдік деңгейдегі спортшылар болуға тырысып, өз өмірімізді қолымызға алдық. Міне, сол атмосфера, сол орта мені осындай дәрежеге жеткізіп, мінезімді қалыптастырды. Сондай-ақ жақсылыққа ұмтылдырып, адамдыққа тәрбиелеген ата-анама, үлкен ағама алғысым шексіз.

 Геннадий, сіздің кәсібіңіз туралы қазақстандық жанкүйерлердің әлі де білмейтін тұстары бар ма?

Біріншіден, мына нәрсені ұғынып алу қажет. Кәсіпқой бокстың әуесқой бокстан айырмашылығы өте зор. Әуесқой бокста биік деңгейге жеткен ТМД елдерінің көптеген өкілдерінің пікірлерін ақпарат құралдары арқылы оқып отырамын. Олардың бәрі де өздерін керемет сарапшы, керемет маман санайды. Қазір бокста өзін маман санау сәнге айналған секілді. Бірақ кәсіпқой бокстың мүлдем бөлек бағыт екенін түсініп алу керек қой. Ресейде де, Қазақстанда да кәсіпқой бокс деген жоқ. Бізде, тіпті кәсіпқой бокс деген ұғым да жоқ. Оны айтасыз, Еуропаның өзінде де кәсіпқой бокстың бағыттары Англия мен Германияда ғана аз-кем болса да дамыған. Шынтуайтына келгенде, кәсіпқой бокс деген – өте қатал шоу-бизнес. Бұл жерде мәселе ақша табуда. Мұнда қорқыныш дегенің екінші рөлде қалады. Бәрі де әділ жекпе-жек жайлы емес, сол жекпе-жектен ақша табу жағын ойлайды. Әйтеуір, неғұрлым молырақ пайдаға кенеліп қалу жағын қарастырып жатады. Мысалға, бір боксшыны шығарады да, оны маркетинг арқылы әлемге танытып, тұлға дәрежесіне жеткізеді. Сөйтіп, қарсылас таңдап, келіседі. Міне, кәсіпқой бокс дегенің – осы.    

 Сұхбатымыздың соңында кәсіпқой бокста биік деңгейге жеткісі келген жастарға деген тілегіңізді естісек...

Бүгінде Қазақстан – әлемдік бокстың көшбасшыларының бірі, бірақ әуесқой бокста. Өз жерімізде біз Олимпиада жеңімпаздары мен әлем чемпиондарын жақсы танимыз, құрметтейміз, атын асқақтатамыз. Алайда әлемдік аренада мүлдем басқаша. Олимпиада чемпиондарын білетіндер аз ғана. Бірақ бәрі де Мэнни Пакьяо, Флойд Мэйуэзер, Майк Тайсон, Мұхаммед Әли сынды боксшыларды жақсы біледі. Бұлардың әрқайсысы өз елін әмбеге танытып жүр. Осы тұрғыда жастарымызға мына нәрсені түсіндіріп өткім келеді. Әуесқой бокс пен кәсіпқой боксты дұрыс айыра біліңіздер. Еліміз керемет қарқынмен дамып жатыр. Кәсіпқой бокста да солай дамысақ деймін. Осы орайда Ресей және Украинаның қалыптастырып кеткен жолдарымен жүрмей, ТМД елдерінен ерекшеленіп, өз жолымызды таба білуіміз керек. Егер жастар кәсіпқой бокс пен әуесқой боксты дұрыс ажырата білсе, онда кәсіби деңгейде өз орындарын таба аларына сенімдімін.

 Сұхбатыңызға рақмет.

Р.S. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы өзінің келесі жекпе-жегін 2 қараша күні Нью-Йорктың Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы – Кертис Стивенс.

Сұхбатты аударған: Әзиз Жұмаділ

Сурет: vesti.kz

2430 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 17:47
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2013, 18:49

Өзі істеп алып, өзі кешірім сұрағаны қызық екен. Оданша рингте мықтылығын көрсетпеді ме.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев