Анчелотти не жоғалтты? Озилдің голы, доп беруі, алдауы

Анчелотти не жоғалтты? Озилдің голы, доп беруі, алдауы

Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озил 2 қыркүйек күні мадридтік "Реалдан" лондондық "Арсенал" сапына ауысты. 

24 жастағы жартылай қорғаушы мадридтік клубты тастап кетуінің бірден-бір себебін команда бас бапкері Карло Анчелоттидің ішкі есебіне қайшы келуімен байланыстырады. 

Лондондықтар Озилге 50 миллион еуро жұмсау арқылы, «Арсеналдың» тарихындағы трансферлік рекордты орнатты.

Немістің еншісінде 105 ойын бар, Испанияның ішкі чемпионатында 19 гол соғып, 52 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: eurosport.ru

Л. Лига