Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Абай Отар: "Комментаторлар сөз тіркестерін алдын-ала дайындасын"

Абай Отар: "Комментаторлар сөз тіркестерін алдын-ала дайындасын"

Абай Отар:

Бүгін назарларыңызға блогшы, әрі журналист Абай Отармен болған сұхбатты ұсынамыз.

– Абай халық өзіңді блогшы ретінде таниды. Бірақ соңғы уақытта сізді спорт журналистикасынан көріп жүрміз. Осы себепті бүгінгі әңгімемізді осы тақырыпқа арнайық. Сөзді талай әңгіме болып жүрген қазақ тілді спорт коментаторларынан бастасақ. Халық арасында қазақ коментаторлары алаңда болып жатқан оқиғаны ашуға емес, әдемі сөз тіркесін іздеумен уақытын өткізеді деген пікір қалыптасқан. Маман ретінде олардың деңгейін қалай көтеруге болады деп ойлайсың?

– Спорт жаныма жақын болғандықтан, бағыт таңдау кезінде журналистиканың осы саласын жөн көрдім. Істеген жұмысыңның оң жамбасқа келгені ыңғайлы ғой. Қазақ тілді комментаторлар мәселесі бүгін ғана туып отырған жоқ. КСРО кезінде де комментаторлар сынға ұшыраған. Дегенмен, бүгінгі қиындықтың тууына кадр жетіспеушілігі әсер ететін секілді. Біздегі комментаторлар кез келген спорт түрін жүргізе береді. Ал журналист өзі сөз етіп отырған спорттан хабарсыз болса, қандай сапалы өнім шықсын?!

Ал түрен түспеген тақырыпты терең қаузайтын маманның жоқтығынан, спорттан сәл хабары бар адам комментатор болып кетеді. «Қазақ комментаторлары алаңда болып жатқан оқиғаны ашуға емес, әдемі сөз тіркесін іздеумен уақытын өткізеді» деген пікірдің қалыптасуына осының әсері бар. Меніңше, біздегі комментаторлардың ең үлкен кемшілігі – ойынға лайықты дайындалмау және эмоцияның жоқтығы. Бір ғана мысал келтірейін, Лондон Олимпиадасында Зульфия Чиншанлоның алтын алғанын хабарлаған комментатордың дауысынан қуаныш байқалмады. Екінші алтын! Ал комментатордың дауысы тым солғын.

Көбіміз футбол көргенді ұнатамыз ғой. Әр елдің комментаторларының өз ерекшелігі бар. Испандықтар соғылған допты хабарлағанда «го-о-ол» деп созып айтады, арабтарда бір сөзді бірнеше рет қайталайды. Екі тілді түсінбесем де, комментатордың даусынан-ақ қаншалықты беріліп жүргізіп отырғаны анық байқалады. Ағылшындардың арасынан Мартин Тейлордың жүргізгені ұнайды. Бір байқағаным, шетелде сол спорттың майын ішкен маман немесе бұрын сонымен айналысқан спортшы комментаторлықпен айналысады. Мұндай үрдіс көрші Ресейде де бар. «НТВ+футбол» арнасының журналисі Константин Генич бұрын футболшы болған. «BBC» арнасының комментаторы Гари Линекер де жасыл алаңда доп тепкен. Ал оның ФИФА түзген ең үздік 100 ойыншының арасына кіретінін біреу білсе, біреу білмейді.

Меніңше, комментаторларға үлкен дайындық керек. Тіпті, дайын сөз тіркестерін алдын-ала әзірлеп қойғаны жөн. Мәселен, «Роналдудың тепкен добы зеңбіректен атылғандай зулады», «Тьяго Сильва қақпаға бағытталған әрбір допқа басын тосады», «Доп пен қақпашы жекпе-жегінде Петр Чех жеңіске жетті» деген тәрізді нұсқаларды ойын басталмастан бұрын жоспарлап қоюы керек. Өйткені, Роналду әрбір ойында қақпаға оқша боратып соққы бағыттайтыны, Тьяго Сильваның допты тоқтату үшін жанкештілік танытатыны белгілі. Комментатордың деңгейін көрсететін тағы бір жағдай – оның ойынды қаншалықты түсінетіндігі. Тек алаңда, татамиде болып жатқан оқиғаны ғана емес, енді не болуы керек екенін болжап отырғаны абзал.

– Комментаторлардан бөлек осы салада жүрген маман ретінде спорт тақырыбында жазатын журналистердің деңгейі туралы айтып өтсең?

– Спорт туралы жазып жүргендер аз дей алмаймын. Майын тамызып, жілігін шағып жүргендер жетерлік. Дегенмен, әлемдік деңгейде қарайтын болсақ біздегі қазақ тілінде жазатын спорт журналистеріне үйренетін нәрсе көп. Бізде эксклюзивті сұхбат жасайтындар әжептеуір, жаңалықты дер кезінде оқырманға жеткізіп отыратындар да бар. Әйтсе де, біздің ең ақсайтын жеріміз – аналитика, сараптамалық мақалалар. Мәселен, Қазақстан футбол құрамасының жеңілуін қазақ аз, легионер көп деген құрғақ сөзді желеу етіп айыптап жазуға болады. Ал шындығында қай жерде қандай қателік кеткенін нақты жазатындар кемшін. Бауыржан Исламханның талантты ойыншы деп айтатындар көп, бірақ оның ойын өрнегіндегі артықшылығы қай жерде екенін анықтап беретіндер саусақпен санаулы. «Көш жүре түзеледі» ғой. Бұл саланың да игерілетін кезі келер бір күні.

ва

– Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осы аламанда қазақ спортшыларынан не күтуге болады? Бұл тұрғыда қандай болжам жасап отырсың?

– Бұл додаға бізден 17 спортшы барайын деп отыр. Солардың ішіндегі ең тәжірибелісі – Дмитрий Карпов ғана. Диманың қола медаль алуға мүмкіндігі зор. Содан кейін, биіктікке секіруші Марина Аитовадан үміт күтемін. Ізашар салып берген Айман мен Шолпан Қожахметовалар жеңіс тұғырынан көрінсе деп тілеймін.

– Еліміздің боксшылары мен палуандары ғана шетелдік ареналардан абыроймен көрініп жүр. Командалық спорт түрлері мен жеңіл атлетика секілді салалардың кенже қалуы неге байланысты?

– Бокстың жөні бөлек қой. Кейінгі жылдары ауыр атлетикадан да табысты болдық. Қысқы, командалық спорт, жеңіл атлетика тәрізді салалардың дамымауы жеткілікті көңіл бөлінбеуінде деп ойлаймын. Бұрын біздің ауыр атлетикамыз қалай еді? Афины Олимпиадасынан кейін осы салаға көңіл бөлініп, шетелден арнайы мамандар шақыртылды. Соның нәтижесін Лондон көрсетті. Қазір бізде шетелден легионер шақырып, жетістікке жылдам жетуді көздейміз ғой. Алайда, балалар спортын естен шығаруға болмайды. Бүгінгі бала – ертеңгі чемпион! Олай болса, болашаққа салынатын инвестицияға қаржы аямауымыз керек. Тағы бір кемшілік – аталған спортта ауылдықтардың аз болуында секілді. Кейбір отбасылар баласын суда жүзуге, жүгіруге бергеннен гөрі, боксқа жібергенді жөн санайды. Ал алыс ауылдың тұрғындарында ешқандай мүмкіндік жоқ. Күні ұзақ қозы-таймен жарысып өскен бала жүгіруге бармаса, оның орнына асфальтте туылғандар жеңімпаз болады дегенге сену қиын. Әлемді аузына қаратқан ямайкалық желаяқтар өз-өзінен қазіргі деңгейге жетті дейсің бе?! Олар мемлекет жасаған арнайы бағдарлама аясында тәрбиеленген, Ямайка мектептерінде жүгіру арнайы пән ретінде енгізілген. Кения неліктен марафонда ешкімге дес бермейді? Өйткені, олардың өмір сүру тәртібі соған бейім. Усэйн Болт та, Йоан Блейк те еңбексіз қазіргі шыңын бағындыра алмайтын еді. Спортшыны биікке көтеретін мүмкіншілік пен дайындық ғана. 

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Еркебұлан Қайрахан

Сурет: Абай Отардың жеке мұрағаты

2745 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 тамыз 2013, 18:08
Пікірлер
+0
13 тамыз 2013, 10:02

Істеріңе сәттілік, Абай!

+0
13 тамыз 2013, 11:57

Гари Ленекер красавчек кой! Немістер туралы әрқашанда ақылды ойлар айтады. Былтыр Бавария-Барса кездесуінен соң: "Мына екі команданың біріне ғана Гвардиола керек, бірақ ол Бавария емес" деп айтқан болатын. Шынымен солай!

+0
13 тамыз 2013, 12:05

Комментатор алдын-ала сөз дайындап қана қоюы мүмкін креек-те шығар. Ал комментатор үшін ЕҢ басты қасиет, сол ойынның ішіне кіре білу керек. Ол үшін сол команданың әр ойыншысын жатқа болмаса да жақсы біліп, қай позицияда қалай ойнайды, мықты жақтары қандай, команда тактикасын болжап, ойынды сезініп отыруы керек. Ол үшін әрине үлкен білім керек футбол туралы. Сол кезде дәмді сөздер өзінен өзі келіп, жақсы моменттермен ұштасып жатады.

+0
13 тамыз 2013, 21:15

+++++ :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...