Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Головкинді кім жеңе алмақ?

Головкинді кім жеңе алмақ?

Головкинді кім жеңе алмақ?

Американдық беделді The Ring спорт журналы дәл осы сұраққа жауап іздеп көріпті. Дәлірек айтқанда, басылым өзінің порталында оқырмандары үшін: «Головкинді кім жеңе алмақ?» деген сауал тастаған.

Бұл сауалнамаға 15 мыңнан аса адам қатысқан екен. Нәтижесінде белгілі болғаны – респонденттердің 70 пайызына жуығы орта салмақтағы әлем чемпионы Генаны тек американдық Андре Уорд қана жеңеді деген жауап айтқан. Ал орта салмақтағы әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған аргентиналық Серхио Мартинеске 16,2 пайыз адам сенім білдірген.  

Андре Уорд

Андре Уорд 

Британдық боксшы Карл Фроч болса бұл тізімде  сегіз пайызға жуық дауыспен үшінші орыннан көрінсе, ал жақын арада қазақстандыққа қарсы рингке шығуы мүмкін американдық Питер Куиллин мен аустралиялық Дэниэл Гил сәйкесінше 4,7 және 1,9 пайыз көрсеткіштерімен төртінші және бесінші орынды иеленді.

Жалпы Геннадий Головкин осы күнге дейін кәсіби рингте 27 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңіліске ұшырамаған.  Оның 24 кездесуін уақытынан бұрын, яғни нокаутпен аяқтады. Естеріңізге салсақ, соңғы кездесуінде ол 30-маусым күні британдық Мэттью Маклинді ауыр нокаутқа түсіріп, өз атағын қорғап қалған еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

Қосылған күні: 22 шілде 2013, 21:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.