Әлем біріншілігінің символы бұлан болуы мүмкін

Әлем біріншілігінің символы бұлан болуы мүмкін

Йорапи атты бұлан 2018 жылы Ресей жерінде өтетін футболдан Әлем біріншілігінің басты символы болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей футбол одағының басшысы Николой Толстых айтты.

«Маған бұл бұланды Коми облысындағы Сыкывкар қаласында іссапармен жүргенімде таныстырды. Шынымды айтайын, бұлан маған қатты ұнады. Енді Коми облысының футбол федерациясы бұланды 2018 жылғы Әлем біріншілігінің ұйымдастырушыларына ұсынады деген ойдамын. Егер де, бұлан байқауда жеңіп жатса, онда міндетті түрде Әлем біріншілігінің басты символы болмақ», - дейді Николай Толстых.

Көңілді бұлан Йорапи Коми облысындағы спорт жылының басты символы бүгінде. Ол облыстың тұрғындарына өзінің қайтпас-қайсар мінезімен, талантымен, еңбекқорлығымен өте жақсы таныс образдардың бірі. Йöрапи бұланы үшін тіпті алынбайтын қамал жоқ.

Жоғары да айтқанымыздай Йорапи бұланы Коми облысының спорттағы басты символы. Оны Ресей футбол одағының басшысына Сыкывкар қаласының басшысы Вясечлав Гайзер таныстырған.

«Біздің облыстағы пайда болған символ Әлем біріншілігінің басты қаһарманы болып жатса, ол әрине, біз үшін үлкен қуаныш. Енді Йорапиді Әлем біріншілігінің ұйымдастырушылар алқасына ұсынатын боламыз», - дейді Вясечлав Гайзер.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: komionline.ru 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады