Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауы мүмкін

Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауы мүмкін

Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауы мүмкін

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Алматы қаласын үміткер ретінде ұсыну жөніндегі дайындық жұмыстарын бастап кетті. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне комитеттің вице-президенті Павел Новиков арнайы өткен баспасөз маслихатында айтып берді.

Журналистермен болған кездесуде Новиков бұл Алматының байқауға қатысуы жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыруды айқындап беретін алғашқы кездесу екендігін мәлімдеді. Халықаралық Олимпиада комитетіне қала атынан берілетін өтініш мерзімі 2013 жылдың 14-қарашасында аяқталады екен. Одан кейін жыл соңына дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің Лозаннада орналасқан штаб-пәтерінде үміткер қалалар үшін әртүрлі семинарлар өткізілетін болады.   

Ал 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында Алматы қаласынан алты өкіл Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бақылаушы ретінде қатыспақ. "Біздің өкілдер ондағы тамақтану, көңіл-көтеру, медициналық және физикалық қауіпсіздік, спорттық бағдарламалардың ұйымдастырылу тәсілдерін және де ұсақ-түйек мәселелердің барлығын да егжей-тегжейлі бақылайтын болады",-дейді Новиков. Одан соң 14-наурызға дейін әр мемлекет үміткер қалалар үшін жасалатын дайындық жұмыстары мен талаптары қамтылған құжатты тапсыратын болады.

2014 жылдың шілде айында Халықаралық Олимпиада комитеті бірінші фазадан өткен қалаларды ғана қалдырып, аттарын жариялайтын болады. Екінші фаза 2015 жылдың қаңтар айында басталмақ. Онда үмтікер жақ қаланың жағдайы толығымен баяндалған құжатты тапсыратын болады. Одан кейін, егер Алматы екі кезеңнен де сүрінбей өтсе, онда 2015 жылдың ақпан айында қалаға комиссия келіп, жағдайды өз көздерімен көретін болады. Олардың басты мақсаты құжатта көрсетілген жәйттардың барлығы іс жүзінде бар екендігіне көз жеткізу.  Ал 2015 жылдың 31 шілдесінде Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қай қала өткізетінін көпшілікке  жариялайды.  

Сонымен бірге Новиков бұл Қазақстан атынан жасалып жатырған үшінші талпыныс екендігін де еске сала кетті.

«Бұл біздің жасап отырған ең сенімді талпынысымыз. Қазақстан мен Алматы осыған дейін ешқашан да дәл осылай Олимпиадаға кезең-кезеңімен келген емес. Біз ақ Азияданы өткіздік. Ал 2017 жылы Алматыда қысқы Универсиада жоспарланған. Сондықтан бұл жарыстардың қорытындысы Олимпиада болуы тиіс. Дайындығымыз жоспар бойынша жүріп жатыр. Алда атқаратын қыруар жұмыстар бар. Бірақ біз барлық дайындықты жоспарланған уақытта аяқтаймыз»,-дейді Олимпиада комитетінің вице-президенті.

Одан бөлек, Алматыда қандай нысандар салынады дегенге келсек, қалада кем дегенде үш спорттық объект бой көтермек. Олар шана-бобслейлік жарыс жолы, жабық мұз айдыны кешені және олимпиадалық ауыл. Алайда аталған нысандардың қай жерге салынатындығы әзірге белгісіз болып отыр. Ал жалпы айтқанда Новиковтың сөзінше, Алматы Олимпиада комиссияларына өзінің шағын аймағымен және көріктілігімен ұнауы мүмкін. Алайда ең басты мәселелердің бірі болып қала экологиясының жағдайы аталып отыр. Сондықтан бұл салада түбегейлі өзгерістердің қажеттігі анық.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kapital.kz

2647 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 шілде 2013, 20:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...