Йозеф Блаттер:

Йозеф Блаттер: "Катардағы Әлем чемпионатын қыста өткізу керек"

ФИФА президенті Йозеф Блаттер 2022 жылғы Катар жерінде өтетін футболдан Әлем біріншілігін қысқы мерзімде өткізу керектігін айтты.

«Катардағы футболдан Әлем чемпионатын жаз мезгілінде өткізуге болмайды. Сондықтан бұл байрақты бәсеке қыс мезгілінде өткені дұрыс. Өйткені, желтоқсан айларында бұл елде ауа температурасы қалыпқа келеді», - дейді Eurosport басылымына берген сұхбатында Блаттер.

«Күзде емес, жылдың басында емес, көктемде емес, қыста өткізу керек. Бұл шешіммен бірнеше елдер келіспеуі де мүмкін. Себебі, біз Әлем біріншілігін қыста өткізсек, ол елдер ішкі біріншіліктегі кестелерін өзгертуге тура келеді. Бүгінде ФИФА-да 17 заңнама бар. Бұл заңдар бойынша, біз Әлем біріншілігін жазда өткізуіміз керек. Бірақ біз 18 заңнаманы енгізсек, Әлем біріншілігін қыста өткізіп қалуымыз әбден мүмкін», – дейді ФИФА басшысы.

Айта кетейік, Катар елінде мамыр айы мен қыркүйек айларында орташа температура 40-46 градусқа тең келеді. Ал кей күндері ауаның орташа температурасы 46-50 градусқа дейін көтеріледі. Ауаның ылғалдылығы 90 пайызға дейін жоғарылайды. Мұндай аптап ыстықта футбол ойнау футболшылардың денсаулығына зиян келтірері анық. Сондықтан да ФИФА президенті Әлем біріншілігін қысқы мерзімге ауыстыруды қарастыруда. Желтоқсан айы мен мамырдың басына дейін Катар еліндегі орташа температура 20-30 градустың арасында болады екен.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport.gazeta.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?