Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Азия чемпионаты: Қоржында 4 медаль

Азия чемпионаты: Қоржында 4 медаль

Азия чемпионаты: Қоржында 4 медаль

Қыздарымыз жігіттермен қатар бокста елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Өткен аптада жігіттеріміз "Астана арландары" Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында өтіп жатқан бірінші жартылай финалда "Dinamo" былғары қолғап шеберлерін тізе бүктірсе, нәзік жанды боксшыларымыз Азия чемпионатында әдемі өнер көрсетіп, бізді бір қуантып жіберді. Қазақстанның намысын қорғаған ару қыздарымыз Азия чемпионатында төрт бірдей медальді қоржындарына салып әкелді. Бұл чемпионат Монғолия жерінде өтіп кеткен болатын.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Юлдуз Махматкулова күміс медальға қол жеткізіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Тағы бір аруымыз Ләззат Күнгейбаева бәсекелестерінен басым түсіп, Юлдуз секілді күміс медальді қанжығасына байлады.

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері болып салмақ дәрежелері 54 және 64 келіге дейінгі Гүлжан Әкімова мен Фирюза Шарипова танылды.

Бір қызығы бұл тартысты додаға 19 елден келген 86 спортшы қатысқан. Біздің қыздарымыздың көрсеткен өнері өте жоғары дәрежеде болғанын тағы да бір рет айтып кету керек. Жарайсыңдар, қыздар!

Сурет: tradevv.com

1305 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 наурыз 2012, 16:21
Пікірлер
+0
26 наурыз 2012, 17:35

Қыздарымыз да намысты қолдан бермейді!!!! Әй айналайындар-ай жарайсыңдар!!

+0
26 наурыз 2012, 18:24

Қыздар дид? Күштіі

+0
26 наурыз 2012, 18:33

чемпион болмағандары жақсы болған екен!

+0
27 наурыз 2012, 01:43

Қазақ қыздарының бойында Томиристің, Әлия мен Мәншүктің қаны бар емес пе?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...