Қазақтың қос балуаны Олимпиаданың ширек финалына шықты

Токио Олимпиадасының төрінде еркін күрестен жарыстар әлі жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық құраманың тағы екі балуаны татамиге шығып, алғашқы қарсыластарын жеңді.

65 келіде өнер көрсетуші Дәулет Ниязбеков куба балуаны Энрике Вальдесты 21:11 есебімен жеңді. Қарсыласынан жеңіліп жатып, соңғы минутта әдіс қолданып кетті.

Ал 97 келідегі Әлішер Ерғалидің қарсылассыз-ақ ширек финалға өтіп кетті. Алжирлік Мохаммед Фардж денсаулығына байланысты татамиге шыға алмай қалды.

Айта кетейік, кешегі кездесулерде еркін күрестен қазақстан құрамасына қоржынына бір қола келді. Оны алған - 57 келідегі Нұрислам Санаев. 

Бүгін тағы бір балуанымыз қола жүлдеге таласпақ. Данияр Қайсанов кездесуі 15.50-ге жоспарланған.