Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасы жүлдесінен үміт үзді

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. Нәтижесінде Токиода жүлделі орыннан көріну мүмкіндігінен айырылды. 

200 метрге брасс әдісімен жүзуде отандасымыз жартылай финалда сүрінді. 2:09.22 минут уақыт көрсеткішімен өз тобында 7-ші орыннан көрінді. Бұл нәтиже финалға шығуына мүмкіндік бермеді. Жалпы есепте 11-орынға тұрақтап, финалдық кезеңде бақ сынайтын 8 спортшы қатарына қосыла алмады.

Дмитрий Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында дәл осы қашықтықта топ жарған. Токиода чемпиондық атағын қорғап қала алмады.