Елена Рыбакина Олимпиаданың ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда хорват спортшысы Донна Векичті жарыс жолынан шығарды. 

1 сағат 42 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші қарсыласын 2:0 есебімен ұтты. Бірінші сетте тай-брейкте басым болса, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп шықты. 

Елена Рыбакина ширек финалда испандық теннисші Гарбинье Мугурусамен кездеседі. Екі теннисші шілде айында ойнаған. Ол кезде Елена есе жіберген еді. Сол есесін Токио Олимпиадасында қайтарады деген сенімдеміз.