Қазақстандық алғашқы спортшы Олимпиада ойындарындағы іріктеуден сәтті өтті

Қазақстандық алғашқы спортшы Олимпиада ойындарындағы іріктеуден сәтті өтті
Фото: Сали Сабиров

Бүгін Токио Олимпиадасы ресми түрде ашылады. Ал алғашқы қазақстандық спортшы Владислав Яковлев жарысты бастап та кетті.

Академиялық есу жарысында бақ сынап жатқан отандасымыз іріктеудің бірінші айналымын өз тобында үшінші болып аяқтады. 7:10.08 уақыт нәтижесімен ширек финалға өтті.

Іріктеу қорытындысы бойынша дат Сверре Нильсен бірінші, италиялық Дженнаро Альберто ди Мауро екінші орыннан көрінді. Финалдық кезең 30 шілде күні өтеді.

Айта кетейік, бүгін академиялық есуден өзге садақ атудан қазақстандық үш спортшы (Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин) жарыс жолына шығады. Олардың жарысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін сағат 17:00-де өтеді.

Н. Үсенова