Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың құрамы анықталды

Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың құрамы анықталды

Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Республикасы құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанның намысын спорттың 7 түрінен 25 паралимпиадашы қорғайды.

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан алты, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш және жеңілатлетикадан екі лицензия жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазақстандық паралимпиадашылар алғаш рет каноэде есу және ату сияқты спорт түрлерінен лицензия жеңіп алғанын атап өткен жөн.

Таеквондо жұбы бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы және Еуропаның екі дүркін чемпионы Домбаев Нұрлан Қазақстан паралимпиадалық командасының ту ұстаушысы болып белгіленді.

Токио-2020 – бұл Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойындары. Кейінгі 25 жыл ішінде Қазақстан Паралимпиада ойындарына алғаш рет жиырмадан астам спортшыны жіберді.

Бұған дейін біздің елден Атлантада-1996 –12 паралимпиадашы, Сидней-2000 – 2, Афина-2004 – 2,  Пекин-2008 – 8, Лондон-2012 – 7, Рио-2016 –10 спортшы қатысқан болатын.

Т. Раушанұлы