Gamer Grandma. Әлемдегі ең қарт геймер әжей

Gamer Grandma. Әлемдегі ең қарт геймер әжей

Жапония тұрғыны Хамака Мори әлемдегі ең қарт геймер атанып, Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл жайында ұйымның ресми сайты хабарлады.

Хамака Мори 1930 жылы дүниеге келген. Оның YouTube желісінде Gamer Grandma деп аталатын арнасы бар. Оған 180 мыңнан астам адам жазылған. Зейнеткер 39 жылдан бері бейнеойындарға құмартып келеді.

– Бейнеойындарға кеткен уақытым үшін өкінбеймін, дұрыс шешім деп ойлаймын. Мен өмірімнен ләззәт аламын, - дейді геймер әйел.

Оның ең алғашқы ойын құралы – Cassette Vision. Бастапқыда жасырынып ойнап жүрсе, кейіннен балалармен бірге ойнайтын болған. Ойын түрлеріне қызыға түсіп, қосымша тағы сатып ала бастаған. Осы күнге дейін сақтап жүргендері де бар екен.  

Хамако Мори қазір 7-8 сағат уақытын Playstation 4 ойнаумен өткізеді. Сүйікті ойыны – GTA 5. YouTube арнасына айына 3-4 видео жүктейді.