Кибеспорт әлеміндегі олимпиада

Кибеспорт әлеміндегі олимпиада

World Cyber Games - әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Киберспорттағы олимпиада ойындарының баламасы дерсеңі. Кәсіпқой киберспортшылар бірнеше тәртіпте өзара мықтыны анықтап, алтын жүлдеге таласады. Беделді жарыстың тарихы компьютер ойындары енді дамып келе жатқан жаңа мыңжылдықтың басына келеді. 

Алғашқы турнир 2000 жылы Оңтүстік Корея Республикасы мен танымал Samsung брендінің қолдауымен өткен. Дүбірлі дода 8 күнге созылды. Әлемнің 17 елінен келген 174 ойыншы $200 000 жүлде қорын сарапқа салды. Ал жарыстың негізгі тәртіптері: Quake Arena, Age of Empires 2, Fifa 2000 және StarCraft: Brood War ойындары болды.

Осылайша киберспорттың олимпиада ойындары 2013 жылға дейін тұрақты өтіп тұрған. 2004 жылдан бастап тек Корей елінде емес, АҚШ, Германия, Италия және Қытайда ұйымдастырылды. Алайда 2014 жылы компанияның бас директоры Брэд Ли қаржылық қиындықтарға байланысты жарысты өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Одан кеійнгі жылдары бірқатар елдер әлемдік турнирді қайта жандандыруға тырысты. Енді, міне, арада 6 жыл өткенде World Cyber Games Қытайдың Сиань қаласныда өтеді. Әлемдік турнирде киберспортшылар Dota 2, Clash Royale, WarCraft 3, Hearthstone және Crossfire ойындары бойынша бақ сынайды. 

Ал 27-28 сәуір күндері WCG 2019 турнирінің еуропалық іріктеу кезеңі өтеді. Басты доданың жолдамасы үшін 4 команда және 2 ойыншы таласады. Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатының финалына шыққан Se7en Esports және Nomad Warriors (Dota 2), Frozen Throne: DV және Deadmouz (WarCraft III), Саша "limonadik" Глухих пен Руслан "Jomsburg" Касантаев (Hearthstone). Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан бөлек Ресей, Украина және Беларусь елдерінің спортшылары қатысады.

Киберспорт елімізде енді ғана дамып келеді. Өткен жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстандағы ресми спорт түрі деп танылды. Қазірдің өзінде еліміздегі геймерлердің саны 400-ден асып жығылады. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар