Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Қазақ футболының даму тарихы

Қазақ футболының даму тарихы

Қазақ футболының даму тарихы

Бұл спорт түрін сүймейтін халық жоқ шығар. Қазақ жерінде де футбол ойыны  қарқынды түрде дамып, көптеген адамдардың сүйікті спорт түрі болып, түрлі кездесулердегі, той-жиындардағы талқылаулардың басты тақырыптардың біріне айналды. Бірақ, бұл спорттың еліміздегі даму тарихын көптеген адамдар біле бермейді. Сондықтан, біз бүгін қазақ спортының даму тарихы жөнінде әңгіме өрбітеміз.

 1913-16 жылдар аралығында Семей қаласында “Ласточка”, “Ярыш”,“Орлята” мен “Олимп” атты футбол командалары құрылады. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, футболды қазақ жеріне ағылшын саудагері әкелген. Мұхтар Әуезов “Ярыш” командасының құрамында өнер көрсеткен деген деректер де бар. “Ярыштың” құрамында Әуезовпен бірге Кәрімов, Мұхаммедов, Хисматуллин, Рыспаев, Сайдашев, Нигматуллин, Сыздықов, Ғаббасов, Құрманов, Ямбушев пен Ахмедшин сынды қазақ футболының негізін қалаушылар доп теуіп, бұл спорт түрінің елімізде дамуына өз үлестерін қосқан.

1913 жылы жас Мұхтар ойнаған еліміздегі алғашқы футбол командасы 

Евгений Один футбол жылнамашысының деректеріне сүйенсек, “Ярыш” халықаралық сахнада өнер көрсеткен алғашқы қазақ командасы еді. Футбол ойыны күннен -күнге дамып, халықтың сүйікті спорт түрлерінің біріне айналған. Осылайша, бұл ойын Павлодар қаласына да жеткен. Павлодарда 1915-16 жылдары “Ястреб” және “Звездочка” командалары құрылып, олар көршілес жатқан губернияларының командаларымен бақ сынасып, бірнеше рет жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесулердің нәтижесінде футбол ойыны Орта Азия мен Сібірге таралып кетеді. 1928 жылы Петропавлда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының губерниялары арасында алғаш рет ресми түрде жарыс ұйымдастырылады. Жарысқа қатысқан футболшылар ішінен қазақ тарихындағы алғашқы футбол құрамасы ұйымдастырылып, осы ұжым I Бүкілодақтық жұмысшылар спартакиадасының іріктеу ойындарында өнер көрсеткен. Осы жарыс аясында қазақ құрамасы бес кездесу өткізіп, ұпайлар саны бойынша екінші орынға ие болған. 1937 жылы қазақ командасы тұңғыш рет кәсіпқой клубтар арасынан КСРО чемпионатына қатысып, Кеңес Одағының III Чемпионатында алматылық «Динамо» командасы үшінші орынды еншілеген болатын. 1948 жылы спорттық ұжымдар арасынан алғашқы Қазақстан Кубогі турнирі ұйымдастырылған еді. Бәсекелестерінен басым болып шыққан қарағандылық «Динамо» командасы тамаша өнер көрсетіп, ақтық сында жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогін қоржындарына салған. 1951 жылы  Кеңес үкіметі «ВЦСПС Кубогі» атты жарыс ұйымдастырып, бұл додада бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген ондаған командалар өнер көрсеткен. Қазақ футболы халықаралық деңгейге шыққан кез 1957 жылға тап келген. Осы жылы алматылық «Қайрат» командасы Финлядияның «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген. Екі жылдан кейін Қазақ КСР футбол федерациясы өз жұмысына кірісе бастады. 1968 жылы қазақ футбол тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі орын алды.

Қазақ футболшылары 

Сол жылы Кеңес үкіметі КСРО футбол федерациясына қарасты «Б» санаттағы қазақ аймағын құрып, алғашқы жарысқа 21 клуб қатысқан. Осы 21 клуб ішінен жезғазғандық «Еңбек» жүзден жүйрік атанған. Дәл сол жылы кәсіби клубтар арасындағы тұңғыш Қазақстан Кубогінің жарысы ұйымдастырылып, ақтық сында бас жүлдеге целиноградтық «Динамо» қол жеткізген. Бірте-бірте қазақ футболшылардың есімдері бүкіл Кеңес Одағына таралып, үздіктер қатарынан біздің саңлақтарымыз да көріне бастады. Осылайша, 1971 жылы “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, КСРО чемпионатының жоғарғы дивизиондағы «Үздік жаңа есім» атағына “Қайрат” командасының қорғаушысы Сейілдә Байшақов қол жеткізген. Сол жылы ұйымдастырылған Бүкілодақтық “Переправа” атты турнирінің жеңімпазы болып Қазақстанның жастар құрамасы танылды. Қазақ футболшыларылары Еуропа елдерінің жасыл алаңдарында да өнер көрсетіп, 1976 жылы алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен  оның павлодарлық аттасы Кадейкин Еуропада өткен жасөспірімдер чемпионатында жеңіске жеткен. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылар Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қазақтың атын бүкіл әлемге паш етті. 1988 жылы Сеулде өткен ХХIV жазғы  Олимпиадалық ойындарда алматылық “Қайрат” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Яковенко турниде керемет ойын көрсетіп, қазақ футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді. Сол жылы алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогін жеңіп алып, ақтық кездесуде бакулік “Нефтчи” командасын 4:0 есебімен жеңген. Келесі жылы қазақ жерінде ҚазКСР футбол ассоциациясы құрылды.

Осылайша, қазақ футболының қалыптасуы мен дамуы бір ғасырға жуық уақытты қамтып келеді. Жас әрі болашағы зор мемлекетімізде арнайы спорттық мекемелер  бой көтеріп, футболдың дамуына ықпал ететініне  сеніміміз кәміл.

Суреттер egemen.kz, aladop.kz сайттарынан алынған.

7329 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 желтоқсан 2011, 19:09
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 23:02

Көбі ойлайтын болар, қазақ жігіттері футболдан күресті жақсы көреді деп! Футбол — менің өмірімнің бір бөлшегі!

+0
01 ақпан 2012, 23:29

ана сурет 1913 жылгы дейма??

+0
01 ақпан 2012, 23:30

аа тусиндим клуб екенго))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев