Азамат Мұқанов кола медальға қол жеткізді

Азамат Мұқанов кола медальға қол жеткізді

Қанжығамыз тағы бір қоламен толықты, бұл туралы Sportlive.kz мәлімдеп отыр. Дзюдо күресінен Прагадағы әлем Кубогінде Азамат Мұқанов балуанымыз қола медальді қанжығасына байлап, жанкүйерлерін тағы бір жеңісімен қуантты. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат алдын ала кезеңде төрт рет жеңіске жетіп,  өз тобында ақтық сынға жолдама алған болатын. Тартысты додада балуанымыз Оңтүстік Корея елінің дзюдошысы Мин Хо Чхоедан жеңіліп, үшінші орын үшін грузиялық Сандро Якобашвили мен қытайлық Джонг Хванмен сынға түскен. Біздің Азамат нағыз азамат екен, екеуін де тізе бүктірді.

Естеріңізге сала кетсек, Прагаға 15 бірдей дзюдошымыз аттанған болатын. Дәл осы кезде Польша астанасы Варшавада әйелдер арасында ұйымдастырылып жатқан әлем Кубогінің кезеңі аяқталды. 9 аруымыздың арасынан 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлжан Исанова жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Ол да өз тобындағы ақтық сынға жолдама алғанымен, өкінішке орай "қолаға" іліне алмай, тек 5 көрсеткішпен үйге оралды.

20ақпан күні қазақстандық дзюдошымыз Максим Раков немістің Дюссельдорф қаласында өткен Гран-Придегі ақтық сында Оңтүстік Корея азаматы Хи-Тай Хвангтан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Форумда талқылау