Жеңіс пен жеңіліс. Алматыдағы Фристайлден Әлем чемпионаты қалай өтті? 

Алматыда төрт күнге созылған фристайлдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Біреулердің салы суға кетсе, біреулер тарихи жеңіске қол жеткізді. “Шымбұлақ” шыңын бағындыру бәріне бұйырмады. Мықтылар да тұғырға көтеріле алмады. 

Әлем біріншілігі екі бағытта өтті. Біріншісі могулдегі динамика мен мен драма болса, екінші қауіпке толы акробатикалық секіру. Екеуіне де ортақ нәрсе: эмоцияға толы жарыс және медальға деген биік бәсекелестік. 

Могул жарысына қарасақ, соңғы жылдардағы көшбасшылардың өз потенциалын толық аша алмағанын көру ауыр тиді. Мэтт Грэм (Аустралия), Икума Хоришима (Жапония), Джакара Энтони (Аустралия), Джелин Кауф (АҚШ), Жюстин Дюфур-Лапуан (Канада) сынды. мықтылардың жүлделі орындарға таласа алмауы - нағыз трагедия. Ал жарыс басында бұлардың бәрі фавориттер тізімінде тұрған еді. Кейбіреуінің ғана паралельді могулде бағы жанды. 

Ал Қазақстан құрамасының спортшылары жақсы өнер көрсетті. Бірінші күннің жұлдызы - Павел Колмаков. Бұл спорт десе, бірінші ойға келетін спортшы - Юлия Галышева. Қаншама жылдар бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Бұл спортшыны жеңіс тұғырынан көрмеу - құрамаға ауыр тиер еді. 

Ал Колмаков бәрін таңғалдырды. Павел кваливикацияға өтер алдында-ақ ұшып кетуі мүмкін еді. Бірінші жолы сүрініп қалды. Екінші мәрте ғажап өнер көрсетті. Одан кейін оны тоқтату мүмкін болмады. Үшінші орынды иеленіп бірақ тоқтады. Егер бүкіл қиындық пер кедергіні ескерсек, бұл сөзсіз жеңіс. 

Өкінішке орай, Дмитрий Рейхард өзін көрсете алмады. Спортшы жоспарын толықтай жүзеге асыра алмады. Шешуші бұрылыстарда қиындықтықтарға тап болды. Көптеген жарыстарда, ақтық сайыстарда өз потенциалын толық аша алмай қалады. 

Көшбасшы туралы айтсақ, канадалық Микаэль Кингсберидің жұлдызы жанды. Өзінің бағдарламасын өте әдемі орындады. Кингсбери параллель могулде де бас жүлдеге ие болды. 

Жеке могул, ерлер:

1. Микаэль Кингсбери (Канада);

2. Бенжамин Каве (Франция);

3. Павел Колмаков (Қазақстан)...

...5. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан);

...38. Антон Бондарев (Қазақстан);

...39. Сергей Романов (Қазақстан);

Параллельді могул, ерлер:

1. Микаэль Кингсбери (Канада);

2. Мэтт Грэм (Аустралия);

3. Икума Хоришима (Жапония)...

...5. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан);

...14. Павел Колмаков (Қазақстан);

...34. Антон Бондарев (Қазақстан);

...39. Сергей Романов (Қазақстан);

Жоғарыда айтқанымыздай, Юлия Галышеваның екінші орын алуы қалыпты жайттай көрінді. Өйткені, өткен жылғы әлем чемпионатында ол жеңімпаз атанған еді. Бірақ, оның тұрақтылығына бас иіуге болады. Галышеваның олимпиадалық жүлделерінің қатарын толықтыруға шансы жоғары. 

Әлем чемпионатында бұл спорттың жаңа жұлдызының есімі жарқ етті. Ол 15 жасар  Қазақстан тумасы Анастасия Городка еді. Анастасия күтпеген жерден чемпионат жүлдегерлерінің қатарынан көрінді. Паралельді могулда кіл мықтылармен иық тірестіре өнер көрсетіп, қола медальді қанжылады. Оның қоласы жарқын болашақтың алғашқы қадамы іспетті.

Жеке могул, әйелдер:

1. Перри Лаффон (Франция);

2. Юлия Галышева (Қазақстан);

3. Анастасия Смирнова (Ресей)...

...13. Анастасия Городко (Қазақстан);

...22. Аяулым Амренова (Қазақстан);

...26. Олеся Граур (Қазақстан);

Параллельді  могул, әйелдер:

1. Анастасия Смирнова (Ресей);

2. Виктория Лазаренко (Ресей);

3. Анастасия Городко (Қазақстан);

...15. Юлия Галышева (Қазақстан);

...22. Аяулым Амренова (Қазақстан);

...23. Олеся Граур (Қазақстан);

Біздің спортшыларға акробатикадан медаль алу бұйырмады. Әйелдер сайысында Жанбота Алдабергенова финалға шығуға бір қадам қалды. Бір қадам жетпеді. Қалай болғанда да, әсерлі өнер көрсетті. Бұл спорттағы секірулер кез-келген адамды бейжай қалдырмайды.

Ресейлік спортшылар көш бастады. Әсіресе, Максим Буров жеңісті жұлып алды. Қазіргі таңда ол әлемнің ең үздік фристайл-акробатигі. 

Фристайл-акробатика, ерлер:

1. Максим Буров (Ресей);

2. Кристофер Лиллис (АҚШ);

3. Павел Кротов (Ресей)...

...19. Шерзод Хаширбаев (Қазақстан);

...25. Нурлан Батырбаев (Қазақстан);

...27. Роман Иванов (Қазақстан);

Фристайл-акробатика, әйелдер:

1. Лаура Пил (Аустралия);

2. Эшли Колдуэл (АҚШ);

3. Любовь Никитина (Ресей)...

...8. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан);

...9. Акмаржан Калмурзаева (Қазақстан);

...14. Маржан Акжигит (Қазақстан);

Фристайл-акробатика, командалық жарыс:

1. Ресей;

2. Швейцария;

3. АҚШ...

...7. Қазақстан;

Әлем чемпионатының жарыстан бөлек тағы бір миссиясы болды. Әлем біріншілігінің аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға арналған қайырымдылық жоба жасалды. Іс-шара аясында “Шымбұлақтың” жоғарғы кәсіби инструкторлары балаларға мастер-класс өткізді. Мамандар балаларға арналған тегін жаттығу сабақтарын ұйымдастырды. Қайырымдылық шараға 30-дан аса бала қатысты.

Енді кезек әртүрлі жастағы жандарға арналған шараларда. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты - балалар мен үлкендерді шаңғы спортына шақыру. Сондай, ақ салауатты өмір салтын бұқара халыққа насихаттау. Бастысы, ерекше балаларды физикалық мәдениетке баулу керектігіне қоғам назарын бұру. 

Фристал-жарысы толық аяқталмағанын атап өтейік. 13, 14 наурыз күндері Әлем кубогі сарапқа салынады.

Дереккөз: vesti.kz