Головкин америкалық Росадомен шайқаспақ

Головкин америкалық Росадомен шайқаспақ

Орта салмақтағы WBA нұсқасынан Әлем Чемпионы Геннадий Головкин америкалық Габриэль Росадомен қолған түйістірмек.

Шайқас алдымыздағы 19 қаңтарда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Росадо соңғы тоғыз айқасының бәрінде жеңіске жеткендігін айта кетелік. Ол орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетелік, 30 жастағы Головкин суперчемпион Дэниел Гилды жеңгеннен кейін WBA титулының иесі атанды. Головкиннің соңғы шайқасы поляк спортшысы Гжегож Проксамен болғандығын да қоса кетелік. Қазақстандық спортшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсіріп жеңісті қанжығасына байлаған болатын.

Осыған дейін БАҚ беттерінде Головкин өзіне қарсылас іздеп, "үміткерлердің" қатарында Фернандо Герреро, Эдвин Родригес және оңтүстік африкалық спортшы Томас Вестхайзен болғандығы айтылған еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: hbo.com

Massaget