Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Tour of Almaty-2019. Биыл қатысушылар қандай жейделерге таласады?

Tour of Almaty-2019. Биыл қатысушылар қандай жейделерге таласады?

Tour of Almaty-2019. Биыл қатысушылар қандай жейделерге таласады?

Орта Азиядағы ең ірі және 2.1 дәрежелі веложарыстардың бірі Tour of Almaty-2019 қатысушыларға "бас классификация" үздігі атағынан бөлек тағы үш классификация бойынша таласқа түсуге мүмкіндік береді.

Биыл жарыcтың жалпы есебіндегі жеңімпаз әр кезең сайын марапатталады. Олар сары жейдені киіп жүретін болады. Tour of Almaty жарысын спринтерлер үшін де, таулы аймақта жүретіндердің де жарысы деп атауға толық негіз бар.

Биыл үшінші жыл қатарынан "Таулы аймақтың патшасы" деген марапат беріледі. Бірінші кезең жазықты жерде өткендіктен онда ұпайлар есепке алынбайды. Негізгі ұпайлар екінші кезеңнің соңына қарай беріледі. Шабандоздар бірінші санаттағы таулы аймақ "Медеуді" бағындырады. Дәл осы тұста шамамен жарыстың жеңімпазы да анықталып қалуы тиіс. Себебі, таулы аймақты бағындыру екінің бірінің қолынан келе қоймас. 15 шақырымға созылатын бұл асу көп шабандозға қиындық тудырары анық. Әрине мәреге барлығы да келері түсінікті, дегенмен жақсы жылдамдықпен келу бір басқа. 7 пайыздың градиенті бар бұл асу 1 санаттағы таулы аймаққа бағаланды. Бұл жер теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан.

Таулы аймақтың падишасы атану үшін екінші кезеңде шабандоздарға - 36,9; 67,9; 98,9 және 159,2 шақырымдарда ұпай жинау қажет. Бірінші болып мәре сызығын кескен шабандоз  5 ұпай, ары қарай - 3, 2 және 1 балл болып жалғасын табады.  

Жасыл жейденің иегері Tour of Almaty-2019 додасының үздік спринтері атанады. Ал бұл жердегі бәсеке негізінен бірінші кезеңде шешіледі. Әрбір аралық бақылау межесінде 5, 3, және 1 ұпай беріледі. Аралық бақылаулар 26,1, 55 және 84-шақырымдарда қойылған.  Сонымен қатар, екінші кезеңнің 21-шақырымында тағы бір меже болатынын айта кетейік.

Сонымен қатар, жарыстың қызыл жейдесі де сарапқа салынады. Ол жарыстағы ең үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық шабандозға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік Tour of Almaty-2019 веложарысы 2013 жылдан бері өтіп келеді. Биыл жарыс 30-31 тамыз күндері өтеді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 13 тамыз, 17:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.