Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Грек-рим күресінен "Б.Тұрлыханов кубогы" турнирі дүркіреп өтті

Грек-рим күресінен "Б.Тұрлыханов кубогы" турнирі дүркіреп өтті

Грек-рим күресінен

Алматыда грек-рим күресінен "Болат Тұрлыханов кубогы" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 25-ші рет ұйымдастырылған боз кілемдегі балуандар бәсекесіне 13 елдің құрамасы қатысты.

Алғаш рет турнир Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың туып өскен өңірі Семей қаласында 1994 жылы өткен. Жарыстың алғашқы жылдарынан бастап турнирге еліміздің ең үздік балуандары қатысып келеді.

2014 жылдан бастап мәртебелі турнирге алыс-жақын шетелден де спортшылар қатыса бастады. Әр жылдары турнирде Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, күміс жүлдегерлер Георгий Цурцумия мен Нұрбақыт Теңізбаев, Әлем чемпиондары Мкхитар Манукян мен Бахтияр Байсейітов, Әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрмахан Тыналиев және Алмат Кебіспаев сынды тәжірибелі балуандар да қатысып топ жарған. 

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен турнир екі күн бойы жанкүйерлер үшін нағыз спорт мерекесі болды десек қателеспейміз.  Армения, Беларусь, Ресей, Молдова, Украина, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иран және Болгария елінен келген кіл мықты балуандар өзара мықтыны анықтады. 

"Болат Тұрлыханов кубогы" халықаралық турнирі жыл сайын күзде өтетін. Биыл көктемде ұйымдастырылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені қыркүйек айында елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Төрткүл дүниедегі ең мықты балуандар бас қосатын бәсекеде Токио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Биылғы жарыс - қазақ балуандарының осы додаға бір дайындығы іспетті болмақ. Себебі "Болат Тұрлыханов кубогы" халықаралық турниріне де кіл мықты балуандар келді. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, әлем чемпионаты мен құрлықтық жарыстарда топ жарып жүргендері жетерлік.

Жарыстың ашылу салтанаты жексенбі күні өтті. Сондай-ақ жүлделі орындар мен финалдық белдесу алдында концерттік бағдарламалар мен сахналанған қойылымдар көпшілікке ұсынылды. Турнирге арнайы келген құрметті қонақтар жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, осынау жарысты жыл сайын өткізіп, дәрежесін асқақтата түскен Дәулет Болатұлына алғыстарын жеткізді.

- Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып, күш-қайратымыз жетіп, қаншама өнегелі істерді жасап жатырмыз. Мұның барлығы біздің мемлекетіміздің бірлігі жарасқан, уыздай ұйыған ынтымағын танытады. Біздің азаматтар еліміздің дамуына зор септігін тигізіп жүр. Соның бірі - Дәулет інім. 25 жылдан бері әкесіне құрмет көрсетіп, жастарға үлгі болып келеді. Мұның барлығы ұрпақ үшін жасалып жатқан игі іс, - деді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.

Спортшыларға сәттілік тілеп, жиналған жұртқа ақ тілегін жеткізгендер қатарында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, ҚР Ұлттық студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закарьянов, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те болды.

Турнирге Қазақстан құрамасы сапында 19 балуан қатысты. Олардың 3-і ғана жүлделі орыннан көрінді. Өзгелері үшін медаль бұйырмады. Қош, сонымен жарысты қорытындыласақ.

Биылғы "Болат Тұрлыханов кубогы" халықаралық турнирінде 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы үздік атанып қайтты. Иран құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншілеп, екінші орыннан көрінді. 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ, Армения мен Беларусь елінің құрамалары да бір-бір алтыннан еншіледі.

60 кило

Бұл салмақта ұлттық құрамадағы кіл мықты балуандарымыз бақ сынады. Жанкүйерлер Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғалиға көбірек сенім артты. Өкінішке қарай, Мейрамбек өзбек Исломжан Бахромовқа жол беріп, жүлдеден қағылды. Ал Айдос болса барлық белдесуінде жеңіске жетті. Тек финалда күресе алмағаны болмаса... Балуан жарақатына байланысты шешуші белдесуге шыққан жоқ.

1. Али Реза Нежати (Иран)
2. Айдос Сұлтанғали (Қазақстан)
3. Исломжон Бахромов (Өзбекстан), Мингян Семенов (Ресей)

67 кило

Жанкүйерлер талай байрақты бәсекелерде Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде салған тәжірибелі балуан Алмат Кебіспаевқа зор қолдау көрсетті. Алайда отандасымыз ирандық балуаннан айласын асыра алмай, жарысты ерте аяқтады.

Бұл салмақта Данияр Қаленов қола медальға үмітті болған. Бірақ ол да ирандық Мұхамед Резаиға жол беріп, жүлдегерлер қатарына ілікпеді.

1. Заур Кабалоев (Ресей)
2. Шмаги Болквадзе (Грузия)
3. Мохамед Резаи (Иран), Арам Варданян (Өзбекстан)

77 кило

77 кило салмақтағы балуандарымыз сәтті өнер көрсетті. Асхат Ділмұхамбетов барлық қарсыластарынан бір бас жоғары екенін айқын байқатып, жарыс жеңімпазы атанды. Қоржынға алтын медаль салды. Финалда 2018 жылы әлем чемпионы атанған ресейлік танымал балуан Александр Чехиркинді ұтты.

Бұл салмақта тағы екі балуанымыз қола медаль үшін белдесті. Асхат Жаңбыров кіші финалда 2017 жылғы әлем чемпионы Рамазан Абачаревті жеңді. Өкінішке қарай, Темірлан Шадукаев жарақатына байланысты ирандық спортшыға есе жіберді. 

1. Асхат Ділмұхамбетов (Қазақстан)
2. Александр Чехиркин (Ресей)
3. Асхат Жаңбыров (Қазақстан), Пежман Поштам (Иран)

87 кило

Бұл салмақ дәрежесінде бір балуанымыз ғана бақ сынады. Азамат Құстыбаев жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ресейлік Бекхан Оздоев үздік шықты.

1. Бекхан Оздоев (Ресей)
2. Рамин Танерисартанг (Иран)
3. Радик Кулиев (Беларусь), Микалай Стадуб (Беларусь)

97 кило

97 килоға дейінгі салмақтағы балуандардың бәсекесі аса тартысты өтті. Бірақ бұл салмақта отандастарымыз жүлделі орынға ілікпеді.

Финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио Олимпиадасында топ жарған Артур Алексанян мен жастар арасында әлем чемпионы ресейлік Александр Головинмен белдесті. Бірінші кезеңде ресейлік жеңіп-ақ шыққан. Бірақ соңына қарай армян балуаны айқын жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Бұл салмақта алтыннан басқа үш жүлде де ресейлік балуандарға бұйырды.

1. Артур Алексанян (Армения)
2. Александр Головин (Ресей)
3. Данила Сотников (Ресей), Никита Мельников (Ресей)

130 кило

Аса ауыр салмақтағы балуандар бәсекесінде беларусь спортшысы Кирилл Хришчанка жеңіске жетті.

1. Кирилл Хришчанка (Беларусь)
2. Виталий Щур (Ресей)
3. Якоб Каджая (Грузия), Шахаб Муртаза (Иран)

Жеңімпаздарға 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды. Күміс жүлдегерлер 2000 доллар, қола жүлдегерлер 1000 доллар алды.

Сондай-ақ үздік техника номинациясының иегері Асхат Ділмұхамедов (77кг)(Қазақстан) пен "жеңіске деген жігер үшін" номинациясының иегері Бекхан Оздоев (Ресей) арнайы сыйлыққа ие болды.

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 27 мамыр, 16:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.