7 сурет: Спорттың пайда болуы мен қалыптасуы

7 сурет: Спорттың пайда болуы мен қалыптасуы
Фото: images.unsplash.com

Адамзат спортқа әуестігін қай заманда бастағаны әлі күнге дейін құпия. Алайда ғалымдар спорт тарихы тас дәуірінен бастау алатынын айтады.

Мысалы, Франциядағы Ласко үңгірін зерттеген ғалымдар ерте замандағы адамдардың жүгірумен, сондай-ақ күреспен айналысқаны бейнеленген суреттерін тапқан. Мамандар тасқа қашалып салынған суреттерге кем дегенде 13 700 жыл болған дейді.

Неолит дәуірінде адамдардың спортпен айналысқанын дәлелдейтін тағы бір факт бар. Моңғолиядағы жартасқа салынған суреттерде сол замандағы адамдардың күресіп жатқанын және спортшыларды қоршаған көрермендерді байқауға болады. Ал Ливиядағы Вади Сура үңгірлерінде жүзу мен садақ атудан жарысқан адамдардың бейнесі бар.

Спорт тарихындағы айтулы кезең - 18 ғасырға тап келді. Өнеркәсіптік төңкерістен кейін жұмысшылар сәл де болсын аз еңбектеніп, өздеріне күтіп жасайтын жағдайға жетті. Мысалы, Германияда жабық оқу орындары (филантропинум) ашыла бастады. Бұл бастаманы 1774 жылы Иоганн Бернхард Базедов жасаған. Оқу орнында студенттердің физикалық дамуына басты назар аударған. Сол себепті филантропинумдарда спортпен шұғылдануға арналған әр түрлі жабдықтар болған деседі. 

Ғасыр соңында көркем гимнастиканың негізі қаланды. Ал 1800 жылы Ұлыбританияда физикалық тәрбие туралы алғашқы нұсқаулық кітап шықты.

Алғашқыда спортпен негізінен ер адамдар шұғылданатын. Ал қыздарға арналған алғашқы оқу орны Америка құрама штаттарында пайда болды. 1923 жылы ашылған оқу орнында қыздардың физикалық дамуына басымдық берілді. Бір жыл өткеннен соң гимнастикамен шұғылдануға арналған алғашқы спорт залы ашылды. 

Жалпы ХІХ ғасырдың соңы спорт тарихындағы елеулі кезеңдердің бірі. Өйткені дәл осы уақытта адамдар спортпен жаппай шұғылдана бастады. Ал қазір ең көп тараған спорт түрі жүгіру өткен ғасырдың 60-жылдары танымалдылыққа ие болса, 70-жылдары фитнеске қызығушылар саны артты. 

Міне, 7 суретте спорттың қысқаша тарихы осындай.

Айбар Рысдәулет

Massaget