Киберспорттың қыр-сыры: Counter Strike: GO

Киберспорттың қыр-сыры: Counter Strike: GO
Фото: The Pixel Post, HLTV

Киберспорт әлем назарын жаулап, кең тарағалы бері бірнеше дисциплина қатар дамыды. Бірақ Counter Strike ең танымал әрі әйгілі ойын болып қалды. Ендеше миллиондар назарын жаулаған ойынның қыр-сырына үңіліп көрейік.

Counter Strike-тың алғашқы бета-нұсқасы 1999 жылы пайда болды. Содан бері бұл шутердің бірнеше нұсқасы шықты. Жылдар бойы ойыншылар CS: 1.3, 1.5, 1.6-ны тоздырды. Оның бәрін классика ретінде танылып кетті. Бұрын cs_mansion, cs_assault карталары көп қолданылатын. Ал қазіргі Counter Strike стандарты мүлде бөлек.

Қазір кәсіби ойыншылар Counter Strike: Global  Offensive (Контр Соққы: Ғаламдық Шабуыл) нұсқасында de префиксі бар карталарды қолданады, мысалы de_cache, de_inferno, de_dust2. Олардың нобайы мен ойын сценарийі бізге таныс карталардан біршама күрделі. Террорлар (шабуылшылар) бомбаны орнатуы тиіс, контр-террорлар (қорғанушылар) қорғана жүріп, бомбаны өшіруі керек.

Негізгі раундтар басталмас бұрын ойыншылар пышақтасу раундын өткізеді. Жеңгені өзіне ыңғайлы карта мен шабуылшы-қорғанушы тарапты таңдай алады. Террорлар жеңіске жету үшін А немесе Б пунтілерінің біреуіне бомба орнатып жаруы тиіс немесе қарсыласының бәрін өлтіруі керек. Ал контр-террорлар жеңуі үшін бомбаны өшірсе немесе қарсыластарын өлтірсе жеткілікті. Әр командада 5 ойыншы болуы тиіс.

Gambit Esports командасы

1 раунд 1 минут 45 секунд ойналады, барлығы 30 раунд. Кімде-кім 16 раундты бірінші еншілесе, сол жеңіске жетеді. Ал есеп 15-15 болған жағдайда, үш раундтан тұратын екі период (овертайм) ойнатылады.

Турнирлердің іріктеу кезеңінде бірінші жеңіске дейін (best of 1), топтық кезеңде екі жеңіске дейін (best of 2), финалда үш жеңіске дейін (best of 5) жалғасады. Мысалы Қазақстан киберспорт федерациясыны мен World Electronic Sports Games (WESG) ұйымдастырған онлайн-іріктеуінде кезеңіндегі овертаймдар бір жеңіске дейін, онлайн-плей-офф екі жеңіске дейін ойнатылды. 11 қарашада өтетін LAN-финалда да овертаймдар 3 раундтан тұрады.

Негізгі 30 раундтық бәсекенің 1-ші раунды тапанша раунды деп аталады. Екі командада тек арзан тапаншалар болады, жеңгені табысқа кенеліп, қымбат қару-жарақтар мен құрал-сайман сатып алады. Бірінші раундтағы жеңіс көп нәрсені шешеді, ұтқаны басымдыққа ойына соңына дейін ие болуы мүмкін, бірақ қарсыластары камбэк жасап, кездесу тағдырын шешіп кететін сәттер аз емес.

Never give up comeback-тің бекзат үлгісі – SOLTEAMIX VS CHI DA

Командадағы әр ойыншының өз қызметі бар. Функциясы ерекше деп координатор мен снайперді айтуға болады. Снайпер міндеті – қарсыластарын алыс дистанциядан өлтіру, тиммейттерін қорғау, қарсылас командадағы бомба орнатушыны бақылап, өлтіру. Снайпер өзі өліп қалса, оның қаруын командаласы алып снайпер рөлін атқара береді. Координатор болса бүкіл команданың ойын жүйесін басқарып оттырады. Көптеген ірі командада координатор 5 ойыншыдан бөлек болады. Ол команда сыртынан ойынды бақылап, тиісті тактиканы қолданады.

Алматыда ең мықты киберспортшылар анықталады

Қазір Қазақстанда әлемдік турнирлерге қатысып, біршама ысылған ойыншылар бар. Олардың жетістіктері бүкіл әуесқой киберспортшыларға қанат бітіріп, шабыт беретіні сөзсіз.

Қазақстан Киберспорт Федерациясы құрылған соң бірен-саран шағын жарыстар ұйымдастырылып жүр. Ал халықаралық жарыстарға жолдама беретін, жүлде қоры үлкен ауқымды турнирлер енді ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – Қазақстан Киберспорт Федерациясының қолдауымен World Electronic Sports Games (WESG)ұйымдастырған чемпионаттың LAN-финалы. Ақтық сайыс қатысушылары киберспорт санатына кіретін танымал Dota 2, CS: GO, StarCraft 2, HearthStone и PES дисциплиналарында мықтыны анықтайды. Жүлде қоры – 5 500 000 теңге. Финалға K23 (Gambit – AdreN, mou, hobbit, Nealan, Flame) және Se7en eSports (charlie, Plasi, mitsumia, insomnia, Nira) командалары шақырылған. 

Финалға қатысатын командалар 15-30 қазан аралығында онлайн-іріктеу арқылы анықталған еді. Жеңімпаздар 2019 жылы Шанхай қаласындағы халықаралық турнирге қатысады.

LAN-финалдың салтанатты ашылуы 11 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 11:00 басталады.

Massaget.kz