CS GO: Қазақстандық ойыншылар қатысқан «GAMBIT» құрамасы жеңімпаз атанды

CS GO: Қазақстандық ойыншылар қатысқан «GAMBIT» құрамасы жеңімпаз атанды
Фото: mircsgo.ru

CS GO – компьютерлік атыс ойыны. Сізге түсінікті болу үшін «контр страйк» деп атасақ жөн болар. 2017 жылығы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан құрамаларының арасында «GAMBIT» құрамасы чемпион атанды.

Құрамада 5 ойыншы бар. Айта кету керек бес ойыншының үшеуі – қазақстандық азаматтар.

Даниил Тесленко. Әлемге CS GO ойындарында «Зевс» атымен танымал украин жігіті – құрама капитаны.

Екінші деңгейдегі сұр мерген – қазақстандық Абай Хасенов. Оның лақап аты – «Hobbit».

Үшінші орындағы ойыншы – ресейлік Михаил Столяров.  Лақап аты – «Dosia».

Қалған екі жігіт тағы да өзіміздің отандастарымыз Дәурен Қыстаубаев пен Рүстеп Телепов. Лақап аттары: «AdreN» және «mou».

Төмендегі видеодан аталған құраманың үздіктерін және еліміздің желбіреген көк байрағын көруге болады. 

М. Ақан